Жоғары геодезия
Сипаттама: Инженерлік практикада қолданбалы және ғылыми мәселелерді шешу үшін қажетті жаһандық және жоғары дәлдіктегі геодезиялық өлшеулер, жер фигурасының геометриясы және гравиметрия бойынша студенттердің кәсіби білімін қалыптастыру. Студент жер бетіндегі тірек нүктелер жүйесін құру әдістерін, Жердің пішінін, өлшемін және оның сыртқы гравитациялық өрісін астрономиялық, геодезиялық, гравиметриялық және спутниктік өлшемдердің нәтижелерін математикалық өңдеудің теориялық негізделген әдістерімен зерттейді. Курсты аяқтағаннан кейін студент GNSS және классикалық әдістерді қолдана отырып, жоғары дәлдіктегі геодезиялық өлшемдерді орындай алады, геодезиялық желілерді құру үшін деректерді өңдейді және түсіндіреді, әртүрлі анықтамалық жүйелердегі координаттарды анықтай алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерді сәйкесті профилі бойынша дайындауда әртүрлі тапсырмаларды шешу үшін, жоғары геодезияның негізгі классикалық бөлімі бойынша теориялық және практикалық білімдерді игеру.
Міндет
- - Жер өлшемі мен пішінін анықтаумен байланысты геодезиялық жұмыстарды орындау; - триангуляция және полигонометрия тұрғызу бойынша бағдарлама құрастыру; - триангуляция және полигонометрия пунктерінде бақылау жүргізу, 4 классты нивелирлеуді орындау; - геодезиялық торларда оңайластырылған теңестіру жүргізу; - геодезиялық өлшеулер нәтижесінің дәлдігін бағалауды жүргізу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- жоғары геодезияның негізгі ғылыми есептерін шешудің теориясы мен әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Әртүрлі нысандарды мониторинг жүргізу мақсатында геодезиялық бақылау өндірісінде жоғары геодезиядан алған білімдерін пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалық –құрылымдық жұмыстарды орындау, өз бетінше жобалау, ұйымдастыру және тау-кен геологиялық зерттеулерді жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымның мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істей білу, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікті іске асырушы және тау-кен ісі кәсіптік мәселелерді шешу үшін, ақпараттарды алудың, өңдеудің және сақтаудың негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Зерттеу жүргізудің қолданыстағы әдістерін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы әдістерді ендіру және тау-кен саласында ғылыми техникалық үрдістердің жетістіктерін пайдаланып, техника, технологияларды жетілдіруге қабылдау.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгіме; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ойлау жұмысы; мотивациялық сөйлеу);
берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;
ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);
іздестіру-зерттеу (студенттердің оқу процесіндегі өзіндік зерттеу қызметі);
Оқу тапсырмаларын шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жердің пішінін оқудың геометриялық әдісі
- Жердің пішінін оқудың геометриялық әдісі
- Геодезиялық координаталары жүйесі
- Геодезиялық сызық
- Жоғарғы геодезиядағы редукциялық мәселелер жайлы түсінік
- Базисті референц-эллипсоидқа редукциялау
- Жер пішінінің негізгі элементтерін градустық өлшеулер бойынша анықтау
- Бастапқы геодезиялық берілгендерді орнату, Красовский эллипсоиды
- Гравиметриялық өлшеулер жайында түсінік
- Ауырлық күші
- Жердің дұрыс тартылыс күші
- Ауырлық күшінің дұрыс шамаларының формулалары Жердің массасы мен орташа тығыздығы
- Жерді реттеу мәселесі және ауырлық күшінің редукциясы
- Жер бетінің бедерін үшін түзету Буге мен Прей редукциялары
- Аномальді тартылыс өрісі
Негізгі әдебиет
- Елагин А.В. Теория фигуры Земли. – Новосибирск: СГГА, 2012. – 174 с.
- Афонин К.Ф.Высшая геодезия. Системы координат и преобразования между ними. – Новосибирск: СГГА, 2011. – 66 с.
- Основные положения о государственной геодезической сети. - М.: ЦНИИГАиК, 2004
- Инструкция по нивелированию I, II, III и IV классов. - М.: ЦНИИГАиК, 2003.
- Яковлев Н.В. Практикум по высшей геодезии (вычислительные работы). - М.: Альянс, 2007. - 368 с.
Қосымша әдебиеттер
- Инженерная геодезия: Учебник для вузов / Е.Б. Клюшин, М.И. Киселев, Д.Ш. Михелев, В.Д. Фельдман; Под ред. Д.Ш. Михелева. 4-е изд., испр. М.: Изд. центр «Академия», 2004. 480 б.
- Инженерная геодезия. Решение инженерных задач на планах и картах: Учеб. пособие / Н.Д. Беляев, Ф.Н. Духовской, Н.Н. Загрядская, Е.Б. Михаленко. СПб.: Изд-во Политехн. ун-та, 2004. 66 б.
- Инженерная геодезия. Расчетно-графические задания: Учеб. пособие / В.Н. Гусев, В.С. Ермаков, Е.Б. Михаленко. СПб.: Изд-во СПбГТУ, 1997. 80 б.
- Телеганов Н.А., Елагин А.В. Высшая геодезия и основы координатно-временных систем: Учебное пособие. – Новосибирск: СГГА, 2004 – 238 с. Доступ: http://lib.ssga.ru/fulltext/UMK/120101/5%20семестр/Высшая%20геодезия/120101%20Метод.пособие%20Высшая%20геодезия%202004.pdf