Жалпы геология және геоморфология
Сипаттама: Мақсаты: Жер құрылымы, геологиялық процестер және жер бедерінің формалары туралы негізгі білімді қалыптастыру; Пәннің сипаттамасы: ішкі және сыртқы геологиялық процестерді, минералдарды, тау жыныстарын және жер бетінің рельефін қалыптастыруды зерттейді; Нәтижесі: Студент геологиялық даму заңдылықтарын түсінеді және аумақтың геоморфологиялық ерекшеліктерін талдай алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геодезия
- География. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Шөгінді минералды шикізатты іздеу үшін студенттерді фациалдық талдаудың әдістеріне үйрету. Тірі ағзалардың өмір сүретін ортамен байланысын көрсету, жер бетінің өткен кезеңдерінің және олармен байланысты пайдалы қазбалардың орналасу заңдарын анықтау. Сонымен қатар геоморфология және төрттік геология саласында теориялық және практикалық білімі бар білікті мамандарды дайындау.
Міндет
- Көне кезеңдерден қазіргі кеге дейінгі жер қыртысының даму заңдылықтыры мен тарихын оқып – үйрету. Бедердің түрлері мен элементтері бойынша теориялық сұрақтарды зерттеу, геоморфология және төрттік геология саласындағы қазіргі жетістіктермен егжей-тегжейлі танысу, геоморфологиялық карталар мен төрттік шөгінділер, карталарын,қималарын құрастыру және құру әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Көне кезеңдерден қазіргі кезге дейінгі жер қыртысының даму заңдылықтыры мен тарихын оқып білу. Жер беті бедерінің құрылысын, жаратылуы, даму тарихын және қазіргі заманғы динамикасы туралы материалдарын білу және түсіну тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Минералдар мен тау жыныстарын көрнекі әдістермен анықтау, геологиялық, геоморфологиялық карталар мен қималарды оқу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Геологиялық ақпаратты (карталар, қималар, сипаттамалар) оқи білу және аумақтың геологиялық даму тарихы туралы қорытынды жасай білу. Геоморфологиялық карталарды оқу және талдай білу, төрттік кезендегі шөгінділердің геоморфологиялық карталары мен қималарын құрастыра білу, әртүрлі пайдалы қазбалардың перспективті нақты аумақтар мен кенді құрылымдардың геотектоникалық және металлогениялық аудандастыру мәселелерін зерттеу кезінде геоморфологиялық талдаудың білімі мен түсінігін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді орындау кезінде жұпта және жеке жұмыс істеу дағдыларына ие болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Оқу кезінде студенттер белгілі бір теориялық және практикалық дағдыларды меңгереді, оқуға қабілеттіліктерін көрсетеді,бұл әртүрлі деңгейдегі аттестаттау комиссияларының білімдерін тексерумен расталады.
Оқыту әдістері
- Интерактивті дәрістер (басқарылатын дискуссия, слайдтарды көрсету, YouTube және басқа да әлеуметтік желілерден фильмдер мен презентацияларды талқылау); - Нәтижелері бойынша нәтижелерді қорғаумен топтық жобаларды әзірлеу; - Тау жыныстары мен минералдар коллекцияларын аудиторияда, геологиялық мұражайда, интернетте және т. б. танысу және зерттеу;
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Дәрістер | 0-100 |
Іс-тәжірибелік сабақтар | ||
СӨЖ | ||
Кезендік бақылау | ||
2 рейтинг | Дәрістер | 0-100 |
Іс-тәжірибелік сабақтар | ||
СӨЖ | ||
Кезендік бақылау | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Геология пәні
- Жер қыртысының жасы, оның қалыптасуының негізгі гипотезасы 4
- Ағымдағы сулардың геологиялық қызметі
- Эндогенді геологиялық процестер
- Магматизм және вулканизм
- Тектоносфера және оның құрылысы
- Жер қабатының және жер бетінің дамуының негізгі заңдылықтары
- Бедер пішіндері мен элементтері туралы түсінік
- Құрлықтар мен мұхиттар
- Құрлықтардың мегарельефі
- Жер қыртысының құрылысы және жер бедерінің планетарлық пішіндері
- Вулканизм және төрттік түзілімдер
- Өзен алқабының бедері
- Геоморфологиялық карталардың бірыңғай аналитикалық аңыздарын құру принциптері
- Геоморфологиялық түсіруді жүргізу бойынша ұсыныстар
Негізгі әдебиет
- 1. Кныш С.К. Общая геология : учебное пособие / Кныш С.К.. — Томск : Томский политехнический университет, 2015. — 206 c. — ISBN 978-5-4387-0549-9. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART. 2.Сазонов И.Г. Геоморфология и четвертичная геология : лабораторный практикум / Сазонов И.Г., Гнедковская Т.В., Астапова Д.А.. — Ставрополь : Северо-Кавказский федеральный университет, 2015. — 92 c. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART. 3.Серпухов В.Н., Билибина Т.В., Шалимов А.Н. Курс общей геологии Л.: Недра. 2009. 4. Геоморфология 4-е изд. Учебник для академического бакалавриата 5. Звонкова Т.В. Прикладная геоморфология. - Рипол Классик, 2013.-280 с. 6. Кусaинов С. Четвертичнaя геология (основы и методы исследовaния), Litres
Қосымша әдебиеттер
- 7. Курс лекций. Геоморфология и четвертичная геология [Электронный ресурс] – URL: http://www.geo-logya.ru/index.php?action=list_category&id=368 8. Макарова Н.В., Суханова Т.В. Геоморфология. Учебное пособие. — М.: КДУ, 2009. — 414 9. Кизельвальтер Д.С., Раскатов Г.Н., Рыжова А.А. Геоморфология и четвертичная геология (Геоморфология и генетические типы отложений). М.: Недра, 1981. 10. Геоморфология. Академия наук СССР., 2006 11. «Геоморфология и геология антропогена». Астана, изд. «Фолиант», 2007; 12. Симонов Ю.Г. Геоморфология: Учебное пособие. – СПб.: Питер, 2005. – 427 с