Жер-кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау
Сипаттама: Курс студенттердің жер ресурстарын есепке алуға, бөлуге және пайдалануға байланысты кадастрлық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, жоспарлау және орындау саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын зерделеуге және қалыптастыруға бағытталған. Студенттер ҚР-дағы жер-кадастрлық қызметтің нормативтік-құқықтық базасын пайдалану, кадастрлық жобаларды орындау кезінде еңбек, техникалық және қаржы ресурстарын жоспарлау дағдыларына ие болады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Жер кадастры
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | 15 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- жерге орналстыру өндірісін ұйымдастырудың теориялық негіздерін және оның инновациялық даму болашағын оқу
Міндет
- жер-кадастрлық жұмыстар өндірісін құру, басқаруда және жоспарлауда тәжірибелік дағдыларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Геодезиялық түсіріс және жерді картографиялау, жерге орналастыру және кадастр жұмыстары үрдісінде ұйымдастыру және жоспарлау әдістемесін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алынған білімдерді ерікті іскерлік қызмет шарттарында шешім қабылдау және жүзеге асыру, өндіру үшін қолдану, функционалдық міндеттемелерді атқаруға дайындық.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Техникалық құжаттаманы дайындау (жұмыс кестесі, жұмыс өндірісіне смета), жерге орналастыру үрдісінің материалдарын техникалық дайындау бойынша жұмыстар, мекемедегі менеджмент сапа жүйесін құру үшін құжаттама дайындау.
Оқыту әдістері
1. Интерактивті лекцияларды қолдану (слайдтар түріндегі дәрістер, пікірталас, студенттік аудиториямен әңгімелесу).
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Компьютерлік аудиторияларда практикалық сабақтар өткізу)
3. Ізденіс-зерттеу (студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы)
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясы ғылыми пәнінің заты мен әдісі
- Технологияның дамуы мен өндірісті ұйымдастырудың тарихи очеркі
- Жерге орналастыру өндірісінің технологиясы мен деңшейлері, кезеңдері, құрылымы, мазмұны
- Технология – көркемдік, шеберлік, орындаушылық шеберлігі
- Өндірісіті ұйымдастыру түсінігінің бірыңғай мәні – құру, объект және басқару үрдісі
- Өндірісіті ұйымдастыру – өндірістік кәсіпорынды құру
- Өндірісіті ұйымдастыру – қоғамдық ұйымның формасы ретінде, басқару объектісі
- Өндірісіті ұйымдастыру басқару объектісі ретінде
- Өндірісіті болжау, жоспарлау
- Жұмысты қаржыландыру
- Технологиялық (геодезиялық, топырақ және т
- Маркетинг – нарықты зерттеу
- Еңбектің сұраныстарын негіздеу
- Жобалық-іздестіру жұмыстарын нормалау
- Ақпаратпен қамтамасыз ету
Негізгі әдебиет
- Кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года № 442
- "Об утверждении Правил выполнения землеустроительных работ по разработке землеустроительного проекта" Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 мая 2015 года № 379. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июня 2015 года № 11370
- Сейфуллин Ж.Т., Калиев Г.А., Нюсупова Г.Н. Государственный земельный кадастр Республики Казахстан. - Алматы, КазНУ им. аль-Фараби, «Казуниверситет», 2013, 129с
- Общий менеджмент : учебное пособие / Л.С. Ружанская [и др.] ; под общ. ред. Л.С. Ружанской, И. В. Котляревской.— Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2017.— 116 с. ISBN 978-5-7996-2255-8
- Менеджмент : учебное пособие / С.А. Черникова, Н.А. Миронова, Е.М. Мыльникова, Н.П. Нагибина; Пермь : ИПЦ «ПрокростЪ», 2016. – 279 с. ISBN 978-5-94279-321-0
- "Об утверждении Правил выполнения землеустроительных работ в Республике Казахстан по составлению проектов межхозяйственного землеустройства по образованию и упорядочению существующих землепользований, отвода и установлению границ земельных участков на местности" Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 7 сентября 2004 года № 72-П-а.