Жер кадастры
Сипаттама: Курс Мемлекеттік жер кадастрының ғылыми негіздерін, оны жүргізу тәртібін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңнамасын, аумақтарды аймақтарға бөлу әдістерін, жер мониторингін жүргізуді зерделеуге бағытталған. Студенттер әртүрлі жер-кадастрлық жұмыстарды (жер учаскелерін тіркеу, жерді сандық және сапалық есепке алу, топырақты бағалау, жерді экономикалық бағалау және т.б.) орындау дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Топырақ тану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 90 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерге қажетті мемлекеттік жер кадастры, оны Қазақстан Республикасының аумағында жүргізу, Қазақстан Республикасындағы жер-кадастрлық жұмыстардың негізі мен мазмұны, жерлерді тіркеу, есепке алу реті мен процедурасы, оларды сандық және сапалық бағалау , мемлекеттік басқару және нақты халықшаруашылығы мәселелерін шешуде жер кадастры мәліметтерін пайдалану туралы теориялық және тәжірибелік білім беру
Міндет
- Кадастрлық ақпаратты жинау, аумақтарды кадастрлық аймақтарға бөлу мәселелерін, жерлерді түгендеу, кадастрдың автоматтандырылған жүйесін жүргізу, жерлерді және жылжымайтын мүлікті кадастрлық бағалау, жерлер мониторингін жүргізу мәселелерін шешу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің мәселелері, мақсаты,мазмұны, принциптері және реті
- жерге меншік және жер пайдалануды тіркеу, есепке алу және бағалау үрдісі
- жер заңнамасы;
- аудандарды аумақтарға бөлу; мониторинг жүргізу, жерге төлемдер
- жерлерді бағалаудың әдістемелік принциптері мен әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Бар білімін жер кадастрын жүргізу саласында құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар негізінде пайдалана білу;
- жобалау, бағалау, салық салу үшін, жерлерді сатуда кадастрлық ақпаратты қолдана білу;
- жер ресурстарын бағалаудың экономикалық әдісі;
- мәселелер пайда болғанда дұрыс шешім қабылдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты талдай білу, кадастрлық жұмыстар өндірісі бойынша негізделген тұжырымдарды айта білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қабілеттілік:
- - кешенді мәселелерді шешуде өкілеттіліктерді және жауакершіліктерді бөлумен топтың мүшесі ретінде және жеке тиімді жұмыс істеу қабілеттілігі;
- - ұжымда ұйымдастырушылық-басқару функцияларын қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіпорын, аудан, облыстың жер-кадастрлық құжаттарын жүргізу
- Жер ресурстарын бағалау саласындағы тәжірибелік мәселелерді орындау
- Жерлерді есепке алу және оларды кадастрлық бағалау, жер кадастрлық есептік және есеп беру құжаттарын дұрыс жүргізу, жерлерді тиімді пайдалану және мемлекеттік бақылау мәселелерін шешу кезінде жер кадастрының мәліметтерін пайдалану
Оқыту әдістері
1. Интерактивті лекцияларды қолдану (слайдтар түріндегі дәрістер, пікірталас, студенттік аудиториямен әңгімелесу).
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Компьютерлік аудиторияларда практикалық сабақтар өткізу)
3. Ізденіс-зерттеу (студенттердің өзіндік зерттеу жұмысы)
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жер кадастры туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
- Мемлекеттік жер кадастры: түсінігі, функциялары, принциптері
- Мемлекеттік жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызмет түрлері:
- Жерді есепке алудың міндеті және сипаты
- Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу
- Жердің сапасын есепке алу
- Құнарлықтың түсінігі және мәні
- Жердің кадастрлық бағасы
- Жерлерді экономикалық бағалау
- Жер кадастрын жүргізу тәртібі, ақпаратын пайдалану
- Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу
- Жер-кадастр құжаттамасы
- Жер-кадастрлық iстiң құрамы және мазмұны
- Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
- Қазақстан Республикасының МЖК мәліметтерін беру және ақпаратын пайдалану
Негізгі әдебиет
- Земельный кодекс Республики Казахстан. №442-II от 20 июня 2003 года
- Об утверждении Структуры, состава и содержания земельно-кадастровой документации Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 ноября 2014 года № 68. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 декабря 2014 года № 9951
- Об утверждении Правил ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 160. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 января 2015 года № 10147.
- Блисов Т. Жер кадастры: Оқу құралы - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2015. – 94 б.
- Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу және жерлерді есепке алу /Оқу құралы. / Ж.Т. Сейфуллин, Г.Ж. Сейтхамзина, А.С. Иканова. – Алматы, 2011. – 215 с.
- Сейфуллин Ж.Т., Абельдина Р.Қ., Нюсупова Г.Н. Жер кадастры (оқу құралы) – Алматы: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2011.
- Ж.Т. Сейфуллин, Г.Ж. Сейтхамзина, А.С. Иканова. Государственная регистрация земельных участков и учет земель /Учебное пособие. – Алматы, 2011