Жер ресурстарын басқару

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс жер ресурстарын ұтымды пайдалану, қорғау және реттеу саласында студенттердің теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс жерді пайдаланудың құқықтық, экономикалық және экологиялық негіздерін, мемлекеттік және жергілікті жерге орналастыру механизмдерін, кадастрлық жүйелерді, сонымен қатар жерді пайдалануды бақылау мен жоспарлаудың заманауи технологияларын қамтиды. Тұрақты дамуға, жер қатынастарына қатысушылардың өзара іс-қимылына және басқару тәжірибесінде геоақпараттық технологияларды пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушыларда қалыптасатын дағдылар: аналитикалық, құқықтық, басқарушылық, кеңістіктік ойлау және картамен жұмыс істеу, жобалау және коммуникациялық дағдылар.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Жер кадастры

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 90
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерде тұрақты даму жағдайында тиімді жерге орналастырудың принциптері, әдістері және құқықтық негіздері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.
Міндет
  • Жерге орналастырудың құқықтық және экономикалық аспектілерін зерттеу
  • Жерді пайдалануды жоспарлау және реттеу механизмдерімен таныстыру
  • Кадастрлық, мониторинг және жерді бағалаудың заманауи құралдары туралы түсінік қалыптастыру.
  • әр түрлі деңгейлерде жер кадастрын ұйымдастыру, есеп жүргізу, жер туралы мәліметтер банкілерінің, ақпараттық және геоақпараттық жүйелерді құру мен қызмет етуін қамтамасыз ету;
  • Жерді пайдалану саласында талдау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
  • Шет елдегі жер қатынастары және оларды реттеу әдістері. Шет елдегі жер саясатының негізгі тенденциялары.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жер заңнамасын, жер ресурстарын басқарудың негізгі жолдарының теориялық негізін білу: жер кадастры, жерге орналастыру, жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау, мониторинг.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жерге орналастыру өндірісі, жер кадастры, жер ресурстарын басқару, мониторинг саласындағы кәсіптік мәселелерді шешу үшін алған құқықтық білімді, нормативтік құжаттарды пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдай білу, әр түрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстар әдістері туралы тұжырым жасай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастырушылық-басқару функцияларын орындай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жер ресурстарын талдау және бағалау; Нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс; Басқару құралдарын қолдану; Географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалану; Кадастрлық және жерге орналастыру құжаттамасын жүргізу; Басқару шешімдерін қабылдау; Экономикалық талдау және жоспарлау; Қарым-қатынас және жоба дағдылары
Негізгі әдебиет
  • Земельный кодекс Республики Казахстан. – Алматы: ЮРИСТ, 2004
  • Гладун, Е. Ф. Управление земельными ресурсами : учебник и практикум для академического бакалавриата / Е. Ф. Гладун ; Тюменский государственный университет. — 2-е изд., испр. и доп. — М. :Издательство Юрайт, 2016.
  • Варламов А.А. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами. Т.2. – М.: Колос, 2004
  • Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами – А: КазНау – Агроуниверситет, 2004
  • Максимов В.А. Кадастровая оценка недвижимости. – Усть-Каменогорск, 2002
  • Налоговый кодекс Республики Казахстан– Алматы: ЮРИСТ, 2004