Төтенше жағдайлар кезінде гидротехникалық құрлыстардың тұрақтылығы

Букунова Альмира Шошановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласындағы дағдыларды, төтенше жағдайлар кезіндегі гидротехникалық құрылыстардың гидрологиялық, техникалық және технологиялық тұрақтылығын қалыптастырады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсері кезінде гидротехникалық құрылыстардың тұрақтылығын қамтамасыз етудің заманауи әдістері мен құралдары, сондай-ақ апаттардың салдарын болдырмау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу қарастырылады. Оқыту нәтижесінде студенттер төтенше жағдайлар жағдайында гидротехникалық құрылыстардың тұрақтылығын бағалау мен тәуекелді талдауды жүргізе алады, апаттардың салдарын болжауға арналған инженерлік есептеулерді іс жүзінде қолдана отырып, тұрақты дамуға ықпал етеді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • "ТЖ кезіндегі гидротехникалық құрылыстардың тұрақтылығы" пәнінің мақсаты - төтенше жағдайлар кезінде гидротехникалық құрылыстарды қорғау бойынша студенттерді теориялық және практикалық даярлау;- төтенше жағдайларда ұйымдастыру-техникалық іс - шараларды, жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру; - төтенше жағдайларда гидротораптардың жұмыс істеу жай-күйін талдау; - гидротехникалық құрылыстарды пайдалану кезінде су объектілерін қорғау бойынша мамандар даярлау.
Міндет
  • - төтенше жағдайлардың әсеріне ұшыраған гидротехникалық құрылыстардың жұмысымен танысу; - гидротехникалық құрылыстарды пайдаланудың ерекшеліктері мен жағдайларын зерделеу; - гидротехникалық құрылыстардағы авариялық жағдайларды білу; - гидротехникалық құрылыстардың авариялық бұзылуының шарттары мен себептерін білу; - гидротехникалық құрылыстардағы аварияларды жіктеу және олардың себептерін зерделеу; - гидротехникалық құрылыстардың техникалық және технологиялық жай-күйін бақылау жүйелерімен танысу,