Инженерлік желілер мен жабдықтар
Сипаттама: Пән қаланың инженерелік жүйелері туралы жалпы мәлімет береді: су құбыры, лас суды әкету құбыры, жылу, газ желілері, төменгі және жоғарғы кернеулі тоқ сымдары, телекоммуникация. Сонымен қатар пән елді мекен мен өндіріс орнының инженерлік коммуникацияларын орнатып төсеу жайлы оқытады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік және компьютерлік графика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты-студенттердің қаланың инженерлік коммуникация жүйелерін есептеу және жобалау мәселелерінде кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- қалалардың тұрғын аудандарын сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау желілері мен жүйелерінің құрылысы туралы негізгі түсініктерді меңгеру; - студенттерді инженерлік желілер мен жабдықтарды, елді мекендерді сумен жабдықтау, кәріз, жылумен, газбен жабдықтау құрылыстарын есептеу мен жобалаудың теориялық негіздеріне үйрету; - жобаланатын объект үшін инженерлік жүйелерді дұрыс таңдау мен конструкциялауға, инженерлік жүйелердің құрылымдық элементтерін және олардың қажетті жабдықтарын есептеуге үйрету; - инженерлік; - қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып, инженерлік жүйелерді жобалаудың озық жетістіктері мен жаңа технологияларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Елді мекендер мен қалалардың, өндіріс өнеркәсіп орындарының көркейіп өсіп өріс алуы олардың инженерлік қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуімен тығыз байланыстылығы. Сондай-ақ осы пәндерден студенттер күрделі, тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін шыңдайды. Техникалық әдебиеттерді оқып, өз бетімен ізденіп тиянақты білім алуына, инженерлік шешімдерді қабылдауға үйренеді
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алған арнайы білімдерінің негізінде елді мекендердің, қалалардың инженерлік қондырғыларының есебі мен жобалауы бойынша заманауи есептеу тәсілдеріне сәйкестендіру; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Құрылыс алаңындағы инженерлік құрылғылар туралы жалпы түсініктің қалыптасуы, олардың бір бірімен байланысы туралы түсініктің болуы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Елді мекендердің карталарын жасауда инженерлік құрылғылардың орнын олардың ерекшеліктерін біле отырып жобалау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Студенттер сыртқы суық сумен қамтамасыз ету, лас суды әкету жүйелерінің инженерлік қондырғыларын жобалауды, есептеуді, керекті құрал-жабдықтарды таңдауды үйренуі тиіс.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді:: Пәнді оқыту дәстүрлі технология бойынша жүргізіледі. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Практикалық сабақтарды өткізу кезінде проблемалық әдіс, жүйелік талдау, пәнаралық байланыс қолданылады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Елді мекенді сумен жабдықтау жүйесі
- Сумен жабдықтау көздері
- Сыртқы су желісінің құрылғысы
- Су құбыры желілері мен олардағы құрылыстардың орналасуы
- Санитарлық қорғау аймақтары
- Канализация-негізгі ұғымдар
- Елді мекендердегі және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы су бұру нормалары
- Канализация желісіндегі төгінді сулардың қозғалысы
- Канализация желісін төсеу мен орналастыру
- Канализация желісінің құрылғысы
- Бойлық профильдерді құру әдістемесі
- Орталықтандырылған жылумен жабдықтау
- Газбен жабдықтау
Негізгі әдебиет
- 1. СНиП РК 4.01.02-2009. Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. - Астана, 2009.
- 2. СН РК 4.01-03-2011 «Водоотведение. Наружные сети и сооружения»
- 3. Журба М.Г., Соколов Л.И., Говорова Ж.М. Водоснабжение. Проектирование систем и сооружений. Москва, 2006.
- 4. М. Мырзахметов Суды тасымалдау. - Алматы : Экономика баспасы, 2014. - 383 б.
- 5.А.А.Ионин Газоснабжение Москва Стройиздат 1989г.
- 6.Н.К. Громова, Е.П.Шубина Водяные тепловые сети. Москва Энергоатомиздат 1988г.
- 7. В.Д.Маньков Основы проектирования систем электроснабжения, Санкт-Петербург 2010г.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Шевелев Ф.А. Таблицы для гидравлического расчета стальных, чугунных, асбестоцементных, пластмассовых и стеклянных труб. М: Элит, 2009.
- 2. Лукиных А.А., Лукиных Н.А. Таблицы для гидравлического расчета канализационных сетей и дюкеров по формулам Павловского. М: Стройиздат, 1974-156с