W3C технологияларға кіріспе
Сипаттама: Негізгі W3C стандарттарын зерделеу және оларды тәжірибеде енгізу. Заманауи технологиялар мен құралдарды пайдалана отырып, веб-сайтты жобалау және графикалық контентті дағдыларын меңгеру. Бұл курс студенттерді веб-әзірлеу әлемімен таныстырады, веб-беттерді құрылымдау үшін HTML негіздерін, стильдеу үшін CSS және интерактивті қосу үшін JS негіздерін үйретеді. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер негізгі функционалдығы бар қарапайым веб-беттерді жасай алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Информациялы-коммуникацилық технологиялар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттердің веб-бағытталған ақпараттық жүйелерді жасау үшін қолданылатын қазіргі WEB технологиялармен, әдістермен және аспаптық құралдармен теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру
Міндет
- базалық концепциялармен және web-бағдарламалау тәсілдерімен танысу
- web-ресурстарды құру үшін қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін қолдану дағдыларын меңгеру
- зерттелген технологияларды пайдалана отырып, web-сервистерді, сайттарды, порталдарды құру кезінде дербестікті дамыту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ғаламдық Интернет желісінің қызмет ету принциптерін түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- web-бағытталған қосымшаларды жасау кезінде W3C қазіргі заманғы технологияларын қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- әлеуметтік, кәсіби және этикалық ұстанымдарды ескере отырып, өзінің кәсіби қызметінің мәні мен салдары туралы пайымдауларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- өзінің кәсіби қызметінде іскерлік өзара іс-қимыл үшін тұлғааралық және топтық қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби және жеке дамуына, біліктілігін арттыруға ықпал ететін оқыту дағдыларын дамыту
Оқыту әдістері
- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; слайдтарды көрсету; ми шабуылы); - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Зертханалық жұмыс 1 | 0-100 |
Зертханалық жұмыс 2 | ||
Зертханалық жұмыс 3 | ||
Зертханалық жұмыс 4 | ||
Рубежный тест | ||
2 рейтинг | Зертханалық жұмыс 5 | 0-100 |
Зертханалық жұмыс 6 | ||
Зертханалық жұмыс 7 | ||
Зертханалық жұмыс 8 | ||
Рубежный тест | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- W3C
- HTML құжаттарын сипаттау тілі
- CSS стильдерінің каскадтық кестелері
- HTML формалары
- JavaScript бағдарламалау тілінің негіздері
- JavaScript пайдаланып DHTML беттерін жасау
- JQuery Кітапханасы
- XML тілінің негіздері
- HTTP хаттамасы
- Онтология
Негізгі әдебиет
- Джон Дакетт HTML и CSS. Разработка и дизайн веб-сайтов. - Москва, Эксмо, 2020 г.
- Джон Дакетт JavaScript и jQuery: интерактивная веб-разработка [пер. с англ. М. А. Райтмана]. - Москва : Эксмо, 2020 г.
- Дэвид Флэнаган JavaScript. Полное руководство, - Вильямс, 2021 г. - 720
- John Davies, Paul Warren, Rudi Stude. Semantic Web Technologies.- ЛитРес, 2019. - 328
- Хорстман К. С. Современный JavaScript для нетерпеливых / пер. с англ. А. А. Слинкина. – М.: ДМК Пресс, 2021. – 288 с
- Д. Хантер, Фосетт Дж., Рафтер Дж. XML. Базовый курс, - Вильямс, 2018 г.
Қосымша әдебиеттер
- Бен Фрэйн HTML5 и CSS3. Разработка сайтов для любых браузеров и устройств - ООО «Питер Пресс», 2015. - 272с
- С.М.Тимачев Обзор HTTP - http://www.xserver.ru/computer/protokol/http/1/