Бағдарламалау технологиясы
Сипаттама: Пәнді оқу барысында объектілі-бағытталған программалау технологиясы игеріледі. Біз C# бағдарламалау тілі арқылы Windows жүйесіне арналған қолданбаларды құруға арналған Visual Studio ортасын зерттейміз. Қолданушының графикалық интерфейсі бар әртүрлі қолданбалы бағдарламалардың даму кезеңдері, объектілі-бағытталған бағдарламалау принциптері қарастырылады: инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- қазіргі заманғы бағдарламалау технологияларын меңгерген және Windows жүйесіне арналған қосымшаларды өңдеуге қабілетті мамандарды дайындау.
Міндет
- объектілі-бағытталған бағдарламалау негіздерін меңгеру;
- Windows жүйесіне арналған қосымшаларды әзірлеуге арналған Visual Studio мысалын пайдалана отырып, студенттердің заманауи құралдарды пайдалану дағдыларын дамыту;
- болашақ мамандар арасында объектілі-бағытталған бағдарламалау саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиясы және Visual Studio бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің біріктірілген ортасы бойынша білімін көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Visual Studio ортасында Windows жүйесіне арналған қосымшаларды әзірлеу мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- тапсырмаларды өз бетінше шешу, талдау, қорытынды жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- топта жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- кәсіби қызметте қажетті жаңа білім алу және Windows жүйесіне арналған қосымшаларды әзірлеу саласында жетілдіре алады.
Оқыту әдістері
проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; ақпараттық-коммуникациялық (қашықтықтан оқытуды қоса алғанда) технологиялар.
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Зертханалық жұмыс 1 | 0-100 |
Зертханалық жұмыс 2 | ||
Зертханалық жұмыс 3 | ||
Аралық тест 1 | ||
2 рейтинг | Зертханалық жұмыс 4 | 0-100 |
Зертханалық жұмыс 5 | ||
Зертханалық жұмыс 6 | ||
Аралық тест 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Бақылау сұрақтары бойынша сұхбат | теориялық білімін көрсетеді, еркін сөйлейді, терминологияны қолданады, нақтылау сұрақтарына жауап береді | теориялық білімін көрсетеді, еркін сөйлейді, терминологияны қолданады, жауап бергенде болмашы қателіктер жібереді | Теориялық білімі таяз, сөйлей алмайды, терминологияда шатасады, өз бетімен түзете алмайтын қателіктер жібереді | теориялық білімі жоқ, терминологияны білмейді, өрескел қателіктер жібереді |
Зертханалық жұмыстарды орындау | зертханалық жұмысты толық және талапқа сай орындады, жұмысты орындауға байланысты оқытушының барлық сұрақтарына жауап береді | жұмысты толық орындады, бірақ қателері немесе кемшіліктері бар оны өзі түзете алады немесе мұғалімнің ұсыныстары арқылы | жұмыстың 50%-дан астамын орындады, бірақ барлық зертханалық жұмыстардың мәнін түсінеді. Орындалған жұмысқа байланысты мұғалімнің сұрақтарына жауап береді | жұмысты толық орындамады, мұғалімнің сұрақтарына жауап беруге қиналады, көптеген қателер мен кемшіліктер жібереді |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Графикалық интерфейсі бар қосымшаларды әзірлеуге арналған Visual Studio бағдарламалық ортасы
- Басқару элементтері
- C# қолданбасының графикалық интерфейсі (GDI+)
- Қолданбаларда мәзірлерді пайдалану
- Диалогтық терезелерді пайдалану
- Көп терезелі қосымшалар
- Класс туралы түсінік
- Класс элементтері
- Объектіге бағытталған программалаудың принциптері
- Полиморфизм принципі
- Интерфейстерді пайдалану
- Композиция және класc жинағы
Негізгі әдебиет
- Пахомов Б. И. C# для начинающих. – СПб.: БХВ-Петербург, 2014. – 432 с.: ил.
- Евдокимов П. В. C# на примерах. 4-е издание (переработанное и обновлённое) – СПб.: Наука и Техника, 2019. – 320 с., ил.
- Албахари, Джозеф, Албахари, Бен. C# 7.0. Справочник. Полное описание языка.: Пер. с англ. – СпБ.: ООО "Альфа-книга", 2018. – 1024 с. : ил.
- Троелсен, Эндрю, Джепикс, Филипп. Язык программирования C# 7 и платформы .NET и .NET Core, 8-е изд. : Пер. с англ. – СПб. : ООО "Диалектика", 2018 – 1328 с. : ил.
- Прайс Марк Дж. C# 7 и .NET Core. Кросс-платформенная разработка для профессионалов. 3-е изд. – СПб.: Питер, 2018. – 640 с.: ил.
Қосымша әдебиеттер
- Разработка приложений на C# в среде Visual Studio: учебное пособие / А. М. Нужный, Н. И. Гребенникова, В. Ф. Барабанов, О. Б. Кремер. – Воронеж: Воронежский государственный технический университет, ЭБС АСВ, 2019. – 89 c. – ISBN 978-5-7731-0776-7. – Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART: [сайт]. – URL: https://www.iprbookshop.ru/93286.html
- Николаев, Е. И. Объектно-ориентированное программирование. Часть 1: лабораторный практикум / Е. И. Николаев. – Ставрополь: Северо-Кавказский федеральный университет, 2015. – 183 c. – Текст: электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART: [сайт]. – URL: https://www.iprbookshop.ru/62966.html
- Маляров, А. Н. Объектно-ориентированное программирование: учебник для технических вузов / А. Н. Маляров. – Самара: Самарский государственный технический университет, ЭБС АСВ, 2017. – 332 c. – ISBN 978-5-7964-1952-6. – Текст: электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART: [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/91772.html