Бағдарламалық қамтамасыз ету өңдеу технологиясы

Бакланова Ольга Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәннің негізгі мазмұны нақты уақыт режимінде басқарылатын жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруға, сәйкес сапа сипаттамаларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлеу әдістерін енгізуге негізделген.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Алгоритмдеу және бағдарламалау технологиясы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 45
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің заманауи технологиялар, әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұжымдық әзірлеу құралдарын меңгеруі, жобамен командалық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруы, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, шектеулі ресурстар жағдайында оны жоспарлау және жүзеге асыру дағдыларын дамытуы.
Міндет
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді ұжымдық түрде әзірлеу қағидаттары мен құралдары туралы базалық білімді қалыптастыру
  • командалық өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру, икемді (agile) әзірлеудің негізгі қағидаттарын меңгеру
  • студенттердің бағдарламалық қамтамасыз етуді ұжымдық әзірлеу барысында қолданылатын технологиялар мен құралдарды тәжірибеде пайдалану дағдыларын меңгеруі
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құрылымдық, модульдік, объектіге бағытталған және қауіпсіз бағдарламалаудың теориялық негіздері мен әдістері бойынша білімге және түсінікке ие болу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің әртүрлі парадигмалары мен тәсілдерін ескере отырып, теориялық білімдерін қолдана біледі және олардың ерекшеліктерін түсінеді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеудің әртүрлі әдістерін талдай біледі және тиімді тәсілді таңдауда негізделген шешім қабылдай алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымдық зерттеу немесе жобалық жұмысты үйлестіру және басқару бойынша практикалық дағдыларға ие.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дайын бағдарламалық өнімді практикалық түрде жасау арқылы өзіндік білім алу және даму дағдыларын қалыптастырады.