Оптоталшықты сызықтық байланыстар

Ерсаинова Жансая Ерлановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: «Оптоталшықты байланыс тізбегі» пәнінде талшықты-оптикалық беру жүйелерін құру әрекеттері, бір талшықты екі жолақты бір кабельді және екі талшықты бір жолақты бір кабельді құру сұлбалары, мультиплексор мен демультиплексордың жұмыс істеу принциптері, тығыздау тәсілдері, оптикалық қабылдау және беру қондырғылары, оптикалық ретранслятор, оптикалық беру жүйесінде қолданылатын аппаратуралар және олардың құрылымдылық сұлбалары мен техникалық сипаттамалары, беруші және қабылдаушы оптикалық модульдер қарастырылған.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Радиотехника және телекоммуникация негізі

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • 1. Пәнді оқыту мақсаты: заманауи талшықты оптикалық байланыс жүйесі, оптикалық ортаның салу теориясы, оптикалық жүйенің және пассивті компоненттердің конструкциялары мен сипаттамалары, сыртқы ортаның оптикалық жүйеге әсері және олардан қорғау әрекеті, магистральды және зоналық талшықты оптиқалық байланыс жүйесін жобалау және құрастырумен таныстырады
Міндет
  • Пәнді оқу барысында талшықты-оптикалық беру жүйесін, талшықты-оптикалық беру жүйесін байланысын ұйымдастыру әрекетін; талшықты-оптикалық байланыс желісіндегі тығыздау әдістерін; беруші және қабылдаушы оптикалық модульдерін; талшықты-оптикалық беру жүйесінің желілік кодтарын; оптикалық ретранслятор; зоналық және магистральдық байланыс желілеріне арналған талшықты-оптикалық беру жүйелерінің сандық аппаратураларын білу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кешенді инженерлік жұмыстарын құқықтық, экологиялық және мәдени аспектілерде білімін көрсете алу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Коммуникациялық тапсырмаларды шешуде заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Команда мүшесінде жеке тиімді жұмыс істеп, жеке топтарды басқару білімділігін көрсесте білу, жеке жауапкершілікті қолдана білу, кәсіби этика мен ережелерді қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіби ортада және бүкіл қоғамда қатынас жүргізу, сонымен қатар шетеле тілді меңгеріп сол тілде қатынаса білу; қалыптасқан және жаңа техникалық құжаттандыру сараптау мен жасау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Радиоэлектроникалық техникалық құралдардың, компьютерлік желілерді, байланыс және жүйелерді құрастыру, құрылысын өткізу, жобалау негізі
Оқыту әдістері

оқу-зерттеу қызметінің технологиялары коммуникациялық технологиялар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Талшықты-оптикалық байланыс туралы жалпы мәліметтер
  • Оптикалық талшықтар арқылы электромагниттік энергияның берілуінің физикалық негіздері
  • Оптикалық талшықтар арқылы жарықтың өтуінің толқындық теориясының негіздері
  • Оптикалық кабельдердегі әлсіреу және оларды өлшеу әдістері
  • Дисперсия және оны өлшеу әдістері
  • ВОЛС регенерация секциясының ұзындығын есептеу
  • Оптикалық кабельдердің классификациясы және оларды таңбалау принциптері
  • Ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар
  • Оптикалық талшыққа сәулеленуді енгізу және одан шығару құрылғылары
  • Оптикалық клапандар
Негізгі әдебиет
  • 1. Ефанов В.И. Электрические и волоконно-оптические линии связи: учеб.пособие / В.И. Ефанов. 2-е изд., доп. – Томск : ТУСУР, 2007. - 256 с. (20) 2. Портнов Э.Л. Оптические кабели связи: Конструкции и характеристики : Учебное пособие для вузов. - М. : Горячая линия-Телеком, 2002. - 232 с. : ил. 3. Ефанов В.И., Направляющие системы электросвязи (ч.2 «Волоконно-оптические линии связи»): учебное пособие – Томск : Томск.гос. университет систем упр. и радиоэлектроники, 2007. – 163 с. (20)