Медициналық мақсаттағы жүйелерге қызмет көрсету технологиялары
Сипаттама: Медициналық техникаға қызмет көрсетудің негізгі технологиялық процестері туралы жалпы түсінікті оқу, тексеру және калибрлеу әдістерін қолдану, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарға қызмет көрсету кезінде өлшеулерді орындау. Жұмыс істеп тұрған жабдықтың техникалық жағдайын бағалау. Студенттер деректерді дайындайды және жіктейді, техникалық принциптерді суреттейді және түсіндіреді, үлгілерді құрастырады және сынайды, медициналық жүйелердің ұзаққа жарамдылық мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін үздік тәжірибелерді таңдайды және қолданады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаттары мен міндеттері: аппараттарға, медициналық мақсаттағы жүйелер мен кешендерге қызмет көрсету процесін ұйымдастыру принциптерімен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білуге тиіс: медициналық техникаға қызмет көрсетудің негізгі технологиялық процестері, медициналық техниканы тексерудің, калибрлеудің және сертификаттаудың құқықтық негіздері; аппаратураны жөндеу және реттеудің негізгі тәсілдері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Меңгеруі керек: медициналық техниканы жөндеу және қызмет көрсету процесін ұйымдастыру; аппаратураны тексеру және калибрлеуге кесте және өтінім жасау. Меңгеруі тиіс: Қазақстанда орталықтандырылған қызмет көрсетуді ұйымдастыру, медициналық техниканы тексеру, калибрлеу және сертификаттау туралы мәліметтерді.