Биотехникалық жүйелердегі басқару
Сипаттама: Пән биотехникалық жүйелердегі басқару принциптері мен әдістерін зерттейді. Биотехникалық объектілердің модельдері, автоматты реттеу және басқару алгоритмдері, сондай-ақ жүйелерді оңтайландыру мен бейімдеу әдістері қарастырылады. Арнайы назар тұрақтылық талдауына, регуляторларды құруға және медико-биологиялық қосымшаларда қазіргі заманғы басқару технологияларын қолдануға аударылады.
Кредиттер саны: 6
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаттары мен міндеттері: студенттерді әртүрлі мақсаттағы биотехникалық жүйелерді және денсаулық сақтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру кезінде қолданылатын автоматты және автоматтандырылған басқару теориясымен және әдістерімен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білуге тиіс: қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдана отырып шешілетін басқарылатын медициналық-биологиялық эксперименттің міндеттері; медициналық-биологиялық экспериментті ұйымдастырудың қағидаттары, техникалық құралдары мен әдістері; медициналық-биологиялық ақпаратты жинауды, өңдеуді, экспериментті бақылау мен басқаруды ұйымдастыру тәсілдері; физиологиялық, биофизикалық және нейрофизиологиялық экспериментте биомедициналық зерттеулерді автоматтандыру жүйелерін техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Меңгеруі керек: техникалық құралдарды қолдана отырып, медициналық экспериментті ұйымдастыру кезінде алған білімдерін пайдалану; эксперименттік деректерді өңдеу мен ұсынуды тиімді ұйымдастыру. Меңгеруі тиіс: басқарылатын медициналық және биологиялық экспериментте зерттеулерді автоматтандырудың үлгілік құрылғылары мен бағдарламаларын пайдалану дағдылары.