Мырзабекова Динара Мырзабекқызы

Диссертацияның тақырыбы

Жер асты кеніштері жағдайында жұмыс істейтін технологиялық машиналардың топсалы тораптарының конструкциясын әзірлеу және негіздеу

Отандық ғылыми кеңесші

Муздыбаев Мурат Сеитович, техника ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, Д.Серікбаев ат.Шығыс Қазақстан техникалық университеті, профессор машинажасау мектебінің профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.

ORCID iD: https://orcid.org/0000-0002-1787-0921; Scopus Author ID: 57194553423; қосымша - Scopus Author ID: 57221706035.

Шетелдік ғылыми кеңесші

Marek Młyńczak; инженерия докторы, профессор, Хирш индексі -8, Ғылым мен технологияның Вроцлав университеті (Вроцлав қ., Польша).

ORCID iD: https://orcid.org/0000-0002-8428-405X; Scopus Author ID: 7003854811.

Негізгі ғылыми нәтижелер

1. Тиеу-жеткізу машинасының бұрылу механизмінің гидравликалық цилиндр өзегін бекіту сенімділігінің элементтік схемасын сипаттайтын математикалық модель жасалды.

2. Топсалы-біріктірілген рамасы бар тиеу-жеткізу машинасының бұрылу механизмінің гидравликалық цилиндрінің өзегін бекіту түйінінің істен шығу себептеріне талдау жасалды. Топсалы түйіннің тозуының кешенді сипаты анықталды: майлау режимдерінің бұзылуы және майлау материалының ластануы, жоғарғы сырғалық тесіктегі жұмыс бетінің пластикалық деформациясы (қирауы), жоғарғы сырғалық тесіктің ойығының жергілікті тозуының (овализациясының) пайда болуы. Топсаның саусағының жоғарғы сырғалық тесігіндегі осьтік қозғалысының тербелмелі табиғаты анықталды, бұл топсаның өзін-өзі реттеуіне әкеледі.

3. Топсалы тораптың майлау материалының ластануын болдырмайтын, сондай-ақ оның жарамдылығын қамтамасыз ететін құрылғының конструкциясы әзірленді. Әзірленген құрылғыны патенттеу үшін өтінім берілді.

4. Wi-Fi сымсыз технологияларын пайдалану және Maintenance 4.0 деңгейіндегі жоспарлы-алдын алу техникалық әсерлерінің жалпы жүйесіне интеграциялау арқылы жерасты карьерлік тиегіштің топсалы торабының жұмысқа қабілеттілігін қолдау әдістемесі әзірленді.

Тікелей нәтиже

"Топсалы-біріктірілген көлік құралының топсалы қосылысының жай-күйін қорғау және бақылау құрылғысы" патенттеу үшін өтінім берілді.

Ғылыми еңбектер

1. Dinara Myrzabekova, Mikhail Dudkin, Marek Młyńczak, Alfiya Muzdybayeva, Murat Muzdybayev. Concept of Preventive Maintenance in the Operation of Mining Transportation Machines / Advances in Intelligent Systems and Computing / 2020 | book. DOI: 10.1007/978-3-030-19501-4_35EID: 2-s2.0-85065863871 Part of ISBN: 21945365 21945357. Scopus-та индекстелген.

2. Мырзабекова Д.М., Муздыбаев М.С., Муздыбаева А.С. Обеспечение работоспособности шарнирных узлов подземных погрузчиков с шарнирно-сочлененной рамой. «ШҚТУ хабаршысы», №4, 2020, б. 136-140. ISSN 1561-4212 DOI 10.51885/15614212_2020_4_136. Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынылған.

Хирш индексі

 

-

Қаржыландырылдатын ғылыми-зерттеу жобалары

-

Шет тілін меңгеру деңгейі

Растайтын құжат жоқ