Токсанов Сапар Нурахметович

Диссертацияның тақырыбы

Smart-технология негізінде Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру порталы

Отандық ғылыми кеңесші

Смаилова Сауле Сансызбаевна, PhD, Хирш индексі – Scopus базасы бойынша 9, Д. Серікбаев ат. ШҚТУ, Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебінің қауымдастырылған профессоры, Өскемен қ., Қазақстан Республикасы.

Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55645191800

Шетелдегі ғылыми кеңесші

Waldemar Wójcik, техника ғылымдарының докторы, профессор, Хирш индексі – Scopus базасы бойынша 26, Politechnika Lubelska, Люблин технологиялық университетінің электроника және ақпараттық технологиялар институтының директоры, Люблин қ., Польша.

Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=7005121594

Негізгі ғылыми нәтижелері

Диссертацияның негізгі жаңа ғылыми нәтижелері:

  • Білім беру кеңістігінің субъектілерін сәйкестендірудің бірнеше модельдері.
  • Білімді компьютерлік тестілеудің ашық ішкі жүйесінің моделі.
  • Бағалаудың «қатаң» және «жұмсақ» есептеулерін ескере отырып, жауаптың ақиқатын анықтау әдісі.
  • Smart-технология негізінде қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру порталы әзірленді. Нәтижесі зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу куәлігімен расталған.

Тікелей нәтиже

Әзірленген ақпараттық-білім беру порталын пайдалану тиімділігін зерттеу мақсатында 2020-2021 оқу жылы кезеңінде зерттеу жүргізілді, онда портал Toraighyrov University-де қашықтықтан оқытудың оқу процесіне ендірілді. Зерттеуге 278 адамнан тұратын қашықтықтан оқытудың «Есеп және Аудит» мамандығының 2-курс студенттері қатысты. Эксперимент «Қаржы және несие» курсы бойынша жүргізілді. Әрбір топ әр топшада 12-13 адамнан тұратын кіші топтарға бөлінді. Кіші топтардан әрқайсысы 12-13 адамнан тұратын бақылау және эксперименттік топтар құрылды. Эсперменттік топ студенттерін тестілеу нәтижелері бойынша семестрдің соңында «Қаржы және кредит» курсының материалын игерудің орташа пайызы 80,3% құрады (2021 жылғы мамырдағы деректер бойынша). Бұл бақылау тобы студенттерінің көрсеткішінен 11% жоғары.

Білім беру кеңістігі субъектілерін сәйкестендірудің көптеген модельдері «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «2020-2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасы шеңберінде «ЖОО, ҒЗИ және олардың бөлімшелерінің ғылыми қызметін бағалаудың ақпараттық технологиясы» тақырыбындағы ғылыми жобада әзірленді және сыналды.

«OpenStudy.kz қашықтықтан оқыту жүйесі» деп аталатын авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы куәлік алынды. ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК. Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің 2022 жылғы «13» мамырдағы № 9823 тізіліміндегі жазба / С.Н. Токсанов, С.Е. Шарипова, П.С. Заречный.

Ғылыми еңбектері

1) Toxanov, S., Biloshchytskyi, A., Kuchansky, A., Andrashko, Y., Faizullin, A., Development of the set models and a method to form information spaces of scientific activity subjects for the steady development of higher education establishments [Жоғары оқу орындарының тұрақты дамуы үшін ғылыми қызмет субъектілерінің ақпараттық кеңістігін қалыптастырудың берілген модельдері мен әдістерін әзірлеу] // Eastern-European Journal of Enterprise Technologies, 3(2 (111), P.6–14, 2021. https://doi.org/10.15587/1729-4061.2021.233655, Available at SSRN: https://ssrn.com/abstract=3882013. Scopus: CiteScore (2021):2.0, процентиль 48-й #49/90 Computer Science Applications, 37%.

ҚР ҒжЖБМ уәкілетті органы ұсынған басылымдардағы ғылыми еңбектер

2) Токсанов С.Н., Смаилова С.С. Современные средства автоматизации и информатизации процесса обучения. [Оқыту процесін автоматтандыру мен ақпараттандырудың заманауи құралдары] «ВЕСТНИК ПГУ» № 1, 2020, Серия энергетическая, C. 449-457 ISBN 1811-1858. http://vestnik-energy.tou.edu.kz/storage/journals/125.pdf.

3) Toxanov, S., Abzhanova, D., Faizullin, A. (2021). Ontological model of a database of information educational portal of the university. [Университеттің ақпараттық-білім беру порталының мәліметтер базасының онтологиялық моделі] Scientific Journal of Astana IT University, (9), 75-84. https://doi.org/10.37943/aitu.2022.90.22.007.

4) Toxanov, S., Abzhanova, D., Faizullin, A. (2022). Development of an information and educational portal of distance learning based on educational data mining. [Білім беру деректерін зияткерлік талдау негізінде Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру порталын әзірлеу] Scientific Journal of Astana IT University, (9), 22-35. https://doi.org/10.37943/aitu.2022.48.68.003.

Web of Science, Scopus базаларында индекстелген конференция материалдарындағы жарияланымдар

5) Toxanov, S., Biloshchytskyi, A., Kuchansky, A., Andrashko, Y., Faizullin, A. The comparison of methods for assessing the productivity of scientific subjects. [Ғылыми пәндердің өнімділігін бағалау әдістерін салыстыру] International Scientific and Technical Conference on Computer Sciences and Information Technologies 1, pp. 84-88. ISBN 978-166544257-2 DOI 10.1109/CSIT52700.2021.9648804.

6) Toxanov S., Bielienkova O., Stetsenko S., Oliferuk S., Sapiga P., Horbach M. Conceptual model for assessing the competitiveness of the enterprise based on fuzzy logic: Social and resource factors. [Бұлыңғыр логикаға негізделген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың тұжырымдамалық моделі: Әлеуметтік және ресурстық факторлар] SIST 2021 - 2021 IEEE International Conference on Smart Information Systems and Technologies. DOI 10.1109/SIST50301.2021.9465923 ISBN 978-172817470-9.

7) Toxanov, S., Biloshchytskyi, A., Kuchansky, A., Andrashko, Y., Faizullin, A. Methods of assessing the scientific activity of scientists and higher education institutions. [Ғалымдар мен жоғары оқу орындарының ғылыми қызметін бағалау әдістері] ATIT 2020 - Proceedings: 2020 2nd IEEE International Conference on Advanced Trends in Information Theory 9349348, pp. 162-167. ISBN 978-172819799-9. DOI 10.1109/ATIT50783.2020.9349348.

8) Biloshchytskyi A., Omirbayev S., Mukhatayev A., Faizullin A., Toxanov S., Kassenov K. - Development of a subsystem of Mass Open Online Courses (MOOCs) as an element of the distance learning portal. [Қашықтықтан оқыту порталының элементі ретінде жаппай ашық онлайн курстардың (ЖАОК) ішкі жүйесін әзірлеу] International Scientific and Technical Conference on Computer Sciences and Information Technologies. Volume 1, Pages 89 – 92. 2021. ISBN 978-166544257-2. DOI 10.1109/CSIT52700.2021.9648718.

Халықаралық конференциялар материалдарындағы ғылыми еңбектер

9) Токсанов С.Н., Смаилова С.С. Разработка модели для проектирования образовательного портала. [Білім беру порталын жобалау үшін модель әзірлеу] XX Сатпаевские чтения. Том 19. Серия «Молодые ученые», 2020, С.253-260 ISBN 978-601-345-057-5.

Хирш Индексі

3-ке тең

Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57222154960.

Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары

2020 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейін «Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «2020-2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» ішкі бағдарламасы шеңберінде «ЖОО, ҒЗИ және олардың бөлімшелерінің ғылыми қызметін бағалаудың ақпараттық технологиясы» тақырыбындағы жоба (2020 жылғы 27 қарашадан № 109-20 келісім-шарт)

Ғылыми жобаның жетекшісі: Белошицкий А. А.

Шет тілдерін меңгеру деңгейі

-