Витюк Галина Анатольевна

Диссертацияның тақырыбы

Импульстік графит реакторында эксперименттерді сәулелендірудегі отын элементтерінің параметрлерін зерттеу

Отандық ғылыми кеңесші

Скаков Мажын Канапинович, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бюджеттік бағдарламалар және кадрларды дайындау бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Курчатов қ., Қазақстан Республикасы.

Хирш индексі –Scopus базасы бойынша 7. Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6506859122.

Шетелдегі ғылыми кеңесші

Градобоев Александр Васильевич, техника ғылымдарының докторы, Томск политехникалық университетінің Юргинский технологиялық институтының жаратылыстану-ғылыми білім беру кафедрасының профессоры, Томск қ., Ресей Федерациясы.

Хирш Индексі –Scopus базасы бойынша 6. Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=6506370250.

Негізгі ғылыми нәтижелері

1. ИГР реакторында модельді твэлдерді сынаудың жылу физикалық параметрлерін егжей-тегжейлі болжау және есептік негіздеу міндеті шешілді.

2. Реакторлық эксперименттер сериясында сәулелену барысында отыннан бөлінетін қоспалы газдардың мөлшерін анықтау әдістемесі әзірленді және пысықталды.

3. Сыналатын твеэлдерде энергия шығарудың берілген көлемдік таралуын қамтамасыз ету тәсілдері тұжырымдалды, негізделді және эксперименттік пысықталды. 

4. Натрий жылу тасымалдағышының шығыны тоқтаған кезде гетерогенді активті аймағы бар жылдам нейтрондардағы реактордың ауыр апатының бастапқы сатысында жүретін процестердің параметрлері бойынша деректер алынды.

Тікелей нәтиже

Әзірленген әдістемелер мен тәсілдерді қолдану зерттеу реакторының жағдайында берілген параметрлерді іске асыру сапасын және отынды сынау нәтижелерін болжау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсілдер натрий жылу тасымалдағышының шығыны тоқтаған кезде гетерогенді активті аймағы бар жылдам нейтрондардағы реактордың ауыр апатының бастапқы сатысында жүретін процестердің параметрлерін зерттеу бойынша реакторлық экспериментті жүргізу кезінде сәтті қолданылды және зерттеу реакторларында реакторлық отынды сынаумен байланысты эксперименттік бағдарламалардың кең спектрін дайындау және іске асыру кезінде қолданылуы мүмкін.

№ 34838 өнертабысқа арналған патент. Зерттеу реакторының эксперименттік арнасындағы твэлдерді сынауға арналған құрылғы. 08.01.2021, шығ. № 2021-414. Тірк. нөмірі 2019/0873.1 өтінім.

Ғылыми еңбектері

1. Galina Vityuk, Alexander Vurim, Mazhyn Skakov, Alexander Pakhnits. Methods and results of determining the impurity gas amount in ceramic fuel. Annals of Nuclear Energy, Vol. 150, 2021, 107843. https://doi.org/10.1016/j.anucene.2020.107843. Scopus және ISI Web of Science индекстеледі, квартилі Q2 (NUCLEAR SCIENCE & TECHNOLOGY). SJR 2019: 0.918, CiteScore 2019: 2.9, Scopus процентилі 69% (Nuclear Energy and Engineering), Impact Factor 1.378.

2. Vityuk V.A., Vityuk G.A., Skakov M.K., Zhagiparova L.K. Design-basis justification for implementing targeted energy release in test objects of the IGR reactor. Eurasian Physical Technical Journal, Vol.17 No.2 (34), 2020, –pp. 87-95. DOI: 10.31489/2020No2/87-95. https://up.ksu.kz/phtj/2020_17_2_34/13.pdf. Scopus индекстеледі. CiteScore 2019: 0.2, Scopus процентилі 16% (General Energy).

3. Витюк Г.А., Витюк В.А., Вурим А.Д., Котов В.М., Serre F., Payot F., Suteau C., Trotignon L. Жылдам нейтрондардағы реакторда жылутасымалдағыш ағынын лездік бұғаттаумен апаттық жағдайды зерттеу үшін модельдік ЖШЖ-ны әзірлеу. ҚР ҰЯО Хабаршысы, 3 шығ., 2018 ж. – 93-98 б. https://static.nnc.kz/articles/2018_3_17.pdf. ҚР БҒСБК ұсынған. ҚазДБ бойынша импакт-факторы 0.098 (2018 ж.)

4. Скаков М.К., Иркимбеков Р.А., Вурим А.Д., Витюк Г.А., Мурзагалиева А.А. ИГР эксперименттерінде кеңістікті кинетика моделін қолдану. ҚазҰЗТУ Хабаршысы, 6 шығ., 2018 ж. – 351-357 б. https://vestnik.satbayev.university/index.php/journal/issue/view/43/42. ҚР БҒСБК ұсынған. ҚазДБ бойынша импакт-факторы 0.038 (2018 ж.)

5. Скаков М.К., Витюк Г.А., Витюк В.А., Котов В.М., Жанболатов О.М. Импульсті графитті реактордағы сынақтар кезінде гетерогенді твэлде энергия шығару профилін іске асыру. ҚазҰЗТУ Хабаршысы, 6 шығ., 2018 ж. – 357-364 б. https://vestnik.satbayev.university/index.php/journal/issue/view/43/42. ҚР БҒСБК ұсынған. ҚазДБ бойынша импакт-факторы 0.038 (2018 ж.)

6. Березовская И.Э., Толеубеков К.О., Витюк Г.А. Жылдам нейтрондардағы ядролық реакторда жылу физикалық процестерді модельдеу. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Физикалық серия, №3 (70), 2019 ж. – 64-72 б. https://doi.org/10.26577/RCPh-2019-i3-8. ҚР БҒСБК ұсынған. ҚазДБ бойынша импакт-факторы 0.024 (2018 ж.)

7. Витюк В.А., Вурим А.Д., Витюк Г.А. Қуаттың импульсті өзгеру режімінде реакторлық сынақтардың энергетикалық параметрлерін анықтаудың практикалық тәсілдері. ҚР ҰЯО Хабаршысы, 2(82) шығарылым, 2020, – 80-86 б. https://static.nnc.kz/articles/2020_2_12.pdf. ҚР БҒСБК ұсынған. ҚазДБ бойынша импакт-факторы 0.098 (2018 ж.)

8. Витюк В.А., Витюк Г.А. ИГР реакторында сынақтар жүргізу кезінде модельді ЖШЖ-дан жылуды аластату параметрлерін анықтау тәсілдері. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Хабаршысы, №4(90), желтоқсан, 2020. – 86-92 б. /files/vestnik/Vestnik_4-2020.pdf. ҚР БҒСБК ұсынған. ҚазДБ бойынша импакт-факторы 0.023 (2018 ж.)

Хирш Индексі

Хирш индексі – Scopus базасы бойынша 1.

Scopus Author ID: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=56180224400.

Қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары

ҚР БҒМ Ғылым комитеті гранттық қаржыландырған жобалар:

  • AP05133086-OT-19. «ИГР зерттеу реакторынан алынған, ядролық реактордың активті аймағындағы материалдар балқытпасының қасиеттері мен сипаттамалары». (2018-2020 жж.)
  • AP08856242-OT-20. «ИВГ.1М реакторының ядролық отынын оңтайландыру науқаны». (2020-2022 жж.)
  • AP09058353. «Импульсті зерттеу ядролық реакторының нейтрондық өрісінің динамикасын модельдеуге арналған құрал-саймандарды әзірлеу». (2021-2023 жж.)

ҚР БҒМ бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобалары:

  • 61415/ПЦФ-МЭ РК-OT-20 «Жылдам нейтрондардағы реактордың активті аймағындағы ауыр апат кезінде жүретін процестерді зерттеу». (2018-2020 жж.)
  • BR09158470. «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту». (2021-2023 жж.)

Шет тілдерін меңгеру деңгейі

Растайтын құжат жоқ

Соңғы өзгерістер күні:
07.04.2021