6B07311 - Инженерлік жүйелер және желілер

Таңдау бойынша тестілеу пәні – математика.

Бейндеу пәні – физика.

«Инженерлік жүйелер мен желілер» білім беру бағдарламасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған және қалыптастырады: 

  • инженерлік жүйелерді жобалау, монтаждау, пайдалану саласындағы білім;
  • тұрғын - үй, қоғамдық, өндірістік ғимараттар мен арнайы мақсаттағы нысандарды  сумен қамту, канализация, жылыту, желдету, кондиционерлеу және газбен қамтудың ішкі жүйелерін есептеуді жүргізе білу;
  • инженерлік жүйелер мен ғимараттардың экологияға әсерін бағалай білу;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпорындарда орындаушы ретінде жұмыс орнындағы міндеттерді тәжірибе жүзінде  шешу дағдысы.

«Инженерлік жүйелер және желілер» ББ түлектері қызмет атқара алады мастер, учаске басшысы, инженер, инженер-жобалаушы, ауысым басшысы, жұмыс өндіруші (прораб), басшының көмекшісі.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары болып табылады:

  • ТҮКШ нысандарына қызмет көрсететін ұйымдар;
  • инженерлік желілері мен жабдықтары бар өндірістік кәсіпорындарындағы бөлімдер мен цехтар;
  • жобалау -конструкторлық ұйымдар;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдар.

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған оқыту үшін су шаруашылығы кәсіпорындарымен («Өскемен - Водоканал» ШЖҚ МКК, «Востокоблпроект» ЖШС, «Восток массивпроект» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы») бірлескен ынтымақтастық және іс-тәжірибелік базаны ұйымдастыру туралы шарттар жасалды.

Халықаралық ЖОО-серіктестік:

  • Қазақ-Неміс университеті (Алматы қаласы);
  • Тынық мұхит мемлекеттік университеті (Хабаровск қаласы);
  • Ұлттық зерттеу Томс политехникалық университеті;
  • Новосібір мемлекеттіксу транспорт академиясы.

Білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Силумин - Восток» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС нысандарына көшпелі экскурсиялар жүргізіледі.

Білім алушылар үшін геодезиялық, өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибе қарастырылған.

Қазіргі уақытта білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды 1 техника ғылымдарының докторы, 4 Техника ғылымдарының кандидаты, 2 магистр жүргізеді.

Білім беру бағдарламасының студенттерін дайындау «Гидравлика», «Су ресурстарын интеграцияланған басқару», «Сорғыштар, желілер және су дайындау», "Гидрохимия", "жылыту және желдету" зертханаларын қамтитын 2019 жылда құрылған «Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығы» базасында жүргізіледі.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім алушыларды инженерлік жүйелердегі су үнемдеу және «жасыл технологиялар» бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда үнемі жарияланады.

Бітіргеннен кейін білім алушыларға 6В07311 «Инженерлік жүйелер және желілер» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлектер 7М07310 «Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламасы бойынша ШҚТУ магистратурасында оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.

Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің өтініші бойынша 2019 жылы ашылды. Осы мамандықтың бұрынғы түлектері өндіріс пен ғылымның әр түрлі салаларында табысты жұмыс істейді:

  • Липовский Андрей Борисович -  ҚР «Полиметалл Инжиниринг» АҚ филиалының жылу желілерінің бас маманы;
  • Беспалов Константин Борисович – Қазақстан «Полиметалл Инжиниринг» ЖШС инженерлік желілері мен ғимараттары жөніндегі бас конструкторы;
  • Корнеева Наталья Викторовна – «Servise Pump» ЖШС ІІ дәрежелі инженер жобалаушысы;
  • Елюбаева Мира Досанкызы – Су шаруашылығы Халықаралық Координациялық комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығының бас инженері (НИЦ МКВК);
  • Абдрахманов Нуржан Токтарханович – «Ө ЖЭО» ЖШС қосалқы жабдықтар жөніндегі инженері.
Соңғы өзгерістер күні:
28.11.2024