Математикалық және компьютерлік модельдеу

«6М070500– Математикалық және компьютерлік модельдеу» білім беру бағдарламасы Скачать жүктеу

Программа вступительных экзаменов в магистратуру по специальности 6М070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу

Оқу бітіру нәтижесінде түлектер  зерттелетін жүйелер эволюциясын болжауға мүмкіндік беретін көптеген жүйелер мен процестердің математикалық модельдерін құруға және зерттеуге арналған технологиялар саласында маман ретінде жұмыс істей алады, сол арқылы қабылданатын шешімдердің дұрыстығын тексереді – әсерлерін бақылайды.

Түлектердің қызметтік аймақтары:

  • желілерді басқару, ғаламтор-қосымшаларын әзірлеу;
  • математикалық әдістер және компьютерлік технологиялар қолданылатын әртүрлі салалардағы (ғылым, техника экономика және басқару салалары) тәжірибелік және зерттеу жұмыстары;
  • ірі  өнеркәсіптерде, банктерде талдау және жорамалдау, жоспарлау жұмыстары;
  • жеке фирмалар мен ассоциацияларда, банктерде заманауи математикалық және ақпараттық технологияларға негізделген есептік-аналитикалық және қаржылық операцияларды орындау;
  • муниципалдық, аймақтық және мемлекеттік ақпараттық орталықтардарда экономикалық және техникалық жүйелерді математикалық және компьютерлік модельдеу.

Оқыту бағыттары:

  • салалық бағыт: техника және технологиялар магистрі –1,5 жыл;
  • ғылыми және педагогикалық бағыт: техникалық ғылымдар магистрі – 2 жыл;

Рейтингтік агенттіктердің бағалары:

  • 2014 жыл – ҚР АРТА бағасы, 2 орын;
  • 2015 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
  • 2016 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
  • 2017 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
  • 2018 жыл – ҚР АРТА бағасы, 3 орын;
  • 2018 жыл – РРА бағасы, 2 орын.