Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M11201 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Білім беру бағдарламасының мақсаты

қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беру, ғылыми және экологиялық қызметтің инновациялық сипатын қамтамасыз ету үшін ғылымды және өнеркәсіптің жоғары технологиялық секторларын дамытуда жаңа формациядағы кадрларды даярлау

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

әскери-өнеркәсіптік кешен, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, өндіріс және тұтыну салалар, тіршілік қауіпсіздігі,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғану салаларының мемлекеттік органдары, экологиялық қызметтер, экономиканың барлық салалары, ғылыми-зерттеу орталықтары, институттар, зертханалар
Кәсіби қызмет объектісі:

ақпараттық жүйелер мен оларды құрауыштар, табиғатты құраушы, техногендік, әлеуметтік әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдар; су, жер, биотикалық және өзге де ресурстар; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын факторлар; төтенше жағдайларда технологиялық жүйелерді, желілерді әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен және қорғаумен айналысатын ұйымдар; өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптерді болдырмауға мүмкіндік беретін әртүрлі меншік нысанындағы, жобалау-іздестіру институттары, бюролары, фирмалар мен т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалық-технологиялық;
- жобалық-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеушілік;
- сервистік-пайдалану және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау жағдайларын жасау жөніндегі зерттеу жұмыстарды жүргізу;
- қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқама жүргізу;
- тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Жобалау-технологиялық қызметке қабілеттілік, соның ішінде: жобаларды әзірлеуге техникалық тапсырма дайындау; жобалар бойынша есептер жүргізу; әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу; өндірістік нысандардың жағдайлары мен жобаларына сараптама жасау; қоршаған отаны қорғау және өмір тіршілгінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үрдістерді жобалау; жоспарлау құжаттамасын әзірлеу тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы күрделі инженерлік-техникалық әзірлемелерді орындау қабілеті
жоғары техногендік қауіп-қатердің аймақтарын және жоғары ластану аймақтарын болжау, айқындау қабілеті
2. Ұйымдастыру-басқару қызметіне деген қабілеттілік, оның ішінде: ұжым жұмысын ұйымдастыру; жұмыстарды орындау кезінде оңтайлы шешімдерді іздеу; өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, экологиялық бұзушылықтардың алдын алу; өнертабысқа өтінім дайындау кәсіби қызметте ұйымдастыру-басқару дағдыларын қолдану қабілеті
қауіпсіздік пен қоршаған ортаны сақтау мәселелері тіршілік етуде және қызмет бабында қарастырылатын маңызды басымдықтардың бірі қауіпсіздік мәдениеті мен тәуекелге бағытталған ойлауды меңгеру;
3. Ғылыми-педагогикалық қызметке деген қабілеттілік, оның ішінде: ғылыми зерттеулерді жүргізудің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу; ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу; эксперименттің әдістемелерін әзірлеу және өткізуді ұйымдастыру; ғылыми-техникалық есептерді дайындау; педагогикалық қызметті жүзеге асыру; оқу-әдістемелік әзірлемелерді енгізу әр түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, өз бетінше білім алу қабілеті
Быть готовым к педагогической деятельности; разработка, публикация, внедрение учебно-методических разработок по профилю специальности; проведение воспитательной работы среди обучающихся
4. Ғылыми-зерттеу қызметіне қабілеттілік, оның ішінде: зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау, патенттік зерттеулер жүргізу; қабылданған шешімдерді негіздей отырып, жобаланатын объектілердің әрекет ету қағидаттарын және құрылысын сипаттау; жобаның инновациялық әлеуетін, инновациялық тәуекелдерді бағалау эксперимент нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан ұғынуға, оларды практикалық қолдану, ғылыми идеяларды ұсыну бойынша ұсынымдарды әзірлеуге және қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген есептер, рефераттар, мақалалар түрінде кәсіби қызметтің қорытындысын ұсынуға қабілеті
Ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгеру қабілеті
5. Адамға қауіптің әсер ету механизмдерін талдау, зиянды заттардың уытты әсер ету механизмінің ерекшелігін, энергетикалық әсер ету және зиянды факторлардың аралас әсер ету ерекшеліктерін ескере отырып, адам ағзасының тіршілік ету ортасының қауіптерімен өзара әрекет ету сипатын анықтау қабілеті тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа жаңалықтарды бағдарлай білу, техникалық жүйелер мен құрылғыларды құру үшін оларды келешекте пайдалану және тереңдетілген кәсіби білімді талап ететін кәсіби қызмет барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау мен шешу, сонымен бірге тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында сараптамалық бағалауды жүргізе білу
мониторинг жүргізу, оның ішінде өңірлік және жаһандық мониторингтік зерттеулер жүргізу, алынған деректер негізінде жағдайдың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дамуынның болжамын жасау