Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07201 - Металлургия
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Технологиялық процестерді есептеудің стандартты әдістерін қолдануға дайын, үрдістерді модельдеуге, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге және негіздеуге қабілетті персоналмен жұмыс істеу әдістері мен формаларын білетін өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік қызметке қолданбалы бағыттағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Ғылым және техника бөлімдерін қамтиды, ол түрлі-түсті металлургияның бәсекеге қабілетті өнімдерін жасауға бағытталған адам қызметінің құралдары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығын, ұнтақты металлургияны, композициялық материалдар мен жабындарды, минералдық шикізатты өңдеудің перспективалық технологияларын және жобалаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын, технологиялық процестерді математикалық және компьютерлік үлгілеуді қолдануға негізделген.
Кәсіби қызмет объектісі:

Қара және түсті металлургияның өнеркәсіптік кәсіпорындары, тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары, зауыттық зертханалар, әртүрлі меншік нысанындағы фирмалар.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- есептік-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

-қазіргі заманғы өндірістік мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, металлургия саласында тәжірибелік-зерттеу қызметін жоспарлай және жүргізе алатын, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген мамандарды даярлау;
- металлургия өнеркәсібінің тиісті салаларында кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқару органдарының әр түрлі деңгейдегі басшыларын дайындау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Еңбек және оқу қызметінде инновациялықты және дербестікті көрсету қабілеті Металлургия саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, бағалау және салыстыру
Жаратылыстану философиялық концепцияларын, ғылыми дүниетанымды қалыптастырудағы жаратылыстану ғылымдарының рөлін түсіну
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
Жалпы қоғамда және кәсіби ортада коммуникация үшін шет тілдерін меңгеруін көрсету
3. Металлургия саласындағы өнімдер мен процестерге жүйелі талдау жүргізу қабілеті Ғылыми эксперименттердің нәтижелерін өңдеу кезінде қолданылатын заманауи компьютерлік технологияларды меңгерген
Металлургия саласында ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде қазіргі заманғы ғылыми аппаратурада жұмыс істеу
4. Аналитикалық, есептеуіш, эксперименталды және инновациялық әдістерді пайдалана отырып стандартты емес міндеттерді шешу қабілеті Шикізатты өңдеудің, металдарды алудың нақты технологиялық процестерін басқару, технологиялық процестерге талдау жүргізу
Толық технологиялық циклды талдау, технологиялық процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
5. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу қабілеті Практикада металлургиялық процестер мен жабдықтарды теориялық және технологиялық есептеулердің тиісті әдістерін қолдану
Жобаларды басқару, материалдарды алу технологияларын қаржыландырудың мақсатын, қажеттілігін және ықтимал схемасын негіздеу
6. Құбылыстарды сипаттау және болжау үшін модель құру қабілеті, алынған нәтижелердің қолданылу шектерін бағалай отырып, оларды талдауды жүзеге асыру Зерттеу әдістерін таңдау, қажетті эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, нәтижелерді түсіндіру және қорытынды жасау
Деректерді бағалау және қорытынды жасау, әдістерді таңдау және сынау жүргізу, металлургиядағы негізгі заңдылықтарды талдау