Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M05301 - Техникалық физика
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Физика, конденсацияланған күй физикасы, нанотехнологиялар және аддитивті технологиялар саласында, нарықтық экономика жағдайына бейімделген, зерттеу, жобалау, кәсіпкерлік қызметті ұштастыру арқылы өндірістік міндеттердің барлық кешенін талдай, білуге және орындауға қабілетті жоғары білікті, сұранысқа ие мамандарды дайындау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Жаңа материалдарды, технологияларды, аспаптар мен құрылғыларды зерттеуді, әзірлеуді, жасауды және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника салалары.
Кәсіби қызмет объектісі:

Физикалық процестер мен құбылыстар, физикалық және физикалық–технологиялық аспаптар, жүйелер мен кешендер, сондай–ақ ғылыми-зерттеу, ғылыми–өндірістік, жобалау-конструкторлық ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар, орталықтар мен жоғары оқу орындары.
Кәсіби қызмет түрлері:

-теориялық және қолданбалы физика саласындағы зерттеуші, инженер-зерттеуші және инженер-әзірлеуші,
ғылымды қажетсінетін және компьютерлік технологиялар, математикалық модельдеу, энергия үнемдеу және әр түрлі объектілердің, процестер мен технологиялардың энергетикалық тиімділігін арттыру саласында жоғары білім деңгейіне ие жоғары білікті маман;

-жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкер, оқу орындарында (орта кәсіптік, жоғары) оқытушы.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметі:
-кәсіби қызмет объектісінің бейініне сәйкес жаңа ғылыми нәтижелерді,
-ғылыми әдебиетті немесе ғылыми-зерттеу жобаларын зерделеу;
-физика, химия, биология, экономика, медицина, экология саласындағы қолданбалы міндеттерді шешу үшін -ғылымды қажетсінетін технологиялар мен бағдарламалар пакеттерін қолдану;
-математикалық болжау және жүйелік талдау әдістерімен ақпараттық жүйелерді зерттеу;
-жоғары өнімді есептеуіш технологиялардың қазіргі заманғы әдістерімен үлкен жүйелерді зерттеу, жүргізілген зерттеулерде заманауи суперкомпьютерлерді қолдану;
жүргізілетін ғылыми-зерттеу жобаларының тақырыбы бойынша математикалық модельдерді, алгоритмдерді, әдістерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді, аспаптық құралдарды зерттеу және әзірлеу;
-жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, рефераттар және библиография жасау;
ғылыми семинарлар, ғылыми-тақырыптық конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысу;
ғылыми және ғылыми-техникалық жарияланымдар дайындау;


Ұйымдастыру-басқару қызметі
-ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызметтің сапасын басқару процестерін әзірлеу және енгізу;
кәсіби этика кодексін сақтау
-
өндірістік процестерді іске асыру үшін қажетті ғылыми-зерттеу қызметі мен ресурстарын жоспарлау;
Ақпараттық жүйелерді құрумен және пайдаланумен байланысты өндірістік қызмет процестерінің сапасын бағалау және мониторингілеу әдістері мен тетіктерін әзірлеу
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Студенттерді оқыту және тәрбиелеу әдістерін, тәсілдерін; оқу үрдісін ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық тәсілдерін және студенттік топты басқаруды меңгеру керек Ғылыми білім мен танымның мәнін түсінудегі әр түрлі авторлардың позициясын талдауды меңгеру керек
2. Қатты денелерде, оның ішінде өлшемдігі төмен жүйелерде байқалатын фазалық өту аймағында қазіргі заманғы кәсіби білімді меңгеру. Конденсирленген күй физикасы саласына жататын зерттеу сапасын түсіну және арнайы ғылыми және әдістемелік әдебиетті өз бетінше зерттеу және талдау қабілеті
3. Физикалық жүйелердегі жаңа құбылыстардың мағынасын түсіндіруді логикалық модельдеу, бақылауларды мазмұнды сипаттау, дұрыс вербализациялау дағдыларын меңгеру Физикадағы танымдық аспектілерді ажырату: контекстуалды, жүйелілік, көпөлшемді, күрделілік және талдау, салыстыру және түсіндіру әдістерін қолдану
4. Лазерлік жүйелердің жұмыс істеу принциптеріне және лазерлік сәулеленуді қолданудың қауіпсіз әдістері туралы теориялық білімді меңгеру Лазерлік жүйенің жұмыс істеу принципі мен қызмет ету ерекшеліктерін өз бетінше түсіну қабілеті мен дайындығы, оның жұмыс істеу қабілеттілігіне алғашқы талдауды жүзеге асыруды білу
5. Ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін қажетті физика мен радиофизиканың іргелі бөлімдерінің білімін еркін меңгеру қабілеті Қазіргі заманғы қолданбалы физиканың және материалдарды модификациялаудың әртүрлі салаларында дағдыларға ие болу және білім беру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білу
6. Нақты практикалық тапсырмаларды шешу кезінде мәліметтерді талдаудың зерттелген әдістерін қолдану және деректерді талдаудың аспаптық құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру. Деректерді талдау кезінде туындайтын негізгі мәселелерді және оларды шешу жолдарын түсіну
7. Радиациялық ақаулардың кристалдардың физикалық қасиеттеріне әсерін талдау, сондай-ақ көлемді наноматериалдардың физикалық қасиеттеріне өлшемдік әсерлерді пайдалану білу Қорытпалардағы фазалық тепе-теңдік диаграммаларын талдау және құру техникасын, қатты денеге қолданылатын термодинамикалық талдау және есептеу физикасы әдістерін меңгеру
8. Фазалық және құрылымдық түрленудің сипатын анықтау үшін металлдар мен қорытпалардағы айналуларды дамытудың теориялық негіздерін, күй диаграммаларын меңгеру Термиялық өңдеудің технологиялық процесін әзірлеу, негізгі, қосымша және қосалқы жабдықтарды таңдау
9. Кристалдардың симметриясын және кристалды денелердің жалпы қарапайым нысанын анықтау; кристалдардың симметриясы мен кристалды құрылымның түрі арасындағы өзара байланысты пайдалану Кристалдардың симметриясы мен кристалдардың құрылымы мен минералдар кристалдарының физикалық қасиеттері арасындағы өзара байланысты ұсыну дағдыларын меңгеру
10. Белгісіздік факторын ескере отырып, тапсырмаларды дайындау және жобалық шешімдерді әзірлеу қабілеті Конструкциялық материалдарды таңдау және оларды қолданудың нақты шарттары үшін бөлшектерді химиялық-термиялық өңдеу режимдерін белгілеу тәсілдерін меңгеру