Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07304 - Автомобиль жолдары
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Функционалдық сауаттылықты және кәсіби жағдайда бәсекеге қабілеттілікті көрсете алатын маманның кәсіби қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды жобалаумен, салумен және пайдаланумен байланысты ғылым мен техника саласы
Кәсіби қызмет объектісі:

Жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері; бюролар; жол-құрылыс бейіндегі компаниялар, фирмалар және ұйымдар (кәсіпорындар)
Кәсіби қызмет түрлері:

- Есептік-жобалық және техникалық-экономикалық;

- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

- Өндірістік-технологиялық және пайдалану;

- Құқықтық, сараптамалық және консультациялық;

- Ғылыми-зерттеу;

- Білім беру (педагогикалық)
Кәсіби қызметінің функциялары:

Автомобиль жолдарын және жасанды құрылыстарды жобалау, салу, пайдалану, зерттеу, кешенді жұмыс істеуі бойынша іс-шараларды әзірлеу. Автомобиль жолдарының жай-күйін жобалау, салу және пайдалану мониторингін қамтамасыз ету.

Ғылыми зерттеулер мен ғылыми әзірлемелерді жүргізудің жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, орындаушылар үшін жеке тапсырмаларды дайындау; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, зерттеулерді орындау нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептерді, шолуларды, жарияланымдарды дайындау.

Орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру; оқу-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу, жариялау, енгізу
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылыми-әдістемелік бірегейлікті дүниетанымдық бағыттылықпен біріктіретін ғылымның негізгі проблемаларына, оның функциялары мен даму заңдарына бағдарлану қабілеті Зерттелетін саладағы негізгі мәселелерді анықтау және ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау
2. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану қабілеті Шет тілін С1-С2 халықаралық стандарттар деңгейінде және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларында меңгеру; халықаралық ортада жұмыс істеуге қабілетті болу
3. Жобалау-технологиялық қызметке қатысу қабілеті Жобалау-технологиялық қызметке қатысу қабілеті