Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M04109 - Форсайт маркетинг
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты сараптамалық талдауға негізделген экономика мен қоғамдағы өзгерістер мен ғылыми-технологиялық және әлеуметтік дамуды ұзақ мерзімді болжаудың жаңа технологияларын зерттеу болып табылады.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- мәмілелерді ұйымдастыру және жасау;
- инновациялық технологияларды пайдалана отырып, тұтыну нарығында бренд пен компанияның өнімдерін жылжыту;
- инновациялық технологияларды пайдалана отырып маркетингтік зерттеулерді жүзеге асыру, нарықтық тауарды анықтау, маркетингтік стратегияларды әзірлеу, маркетингтік аудитті жүргізу.
Кәсіби қызмет объектісі:

Әртүрлі қауымдастықтар мен маркетинг институттары, әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың маркетингтік қызметтері, қызмет салалары, ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет,
- ақпараттық-аналитикалық,
- инновациялық,
- жобалау-зерттеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

- бастапқы және қосымша ақпарат жинау, оны өңдеу және оны менеджерлер, сыртқы және ішкі пайдаланушылар пайдалануы үшін дайындау;
- жаңа технологияларды пайдалана отырып маркетингтік зерттеулер жүргізу:
- баламалы стратегияларды SWOT талдау және бағалауды жасау;
- бизнес-модельдерді және инновациялық маркетингтік стратегияларды әзірлеу және енгізу;
- нарықта жаңа өнімді ілгерілету;
- мониторинг және маркетингтік аудит;
- жарнаманы басқару.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайындық жалпы кәсіби құзыреттілік. Кәсіби және пәнаралық ынтымақтастыққа өз бетінше бастамашылық жасау және жүзеге асыру және кәсіптік жауапкершілікті өзіне алу.
Ғылыми зерттеулер контекстінде идеяларды дамыту және қолдану үшін білімді пайдалану; мәселелерді шешуде креативті ойлау және шығармашылықпен қарау.
2. Стандартты емес жағдайларда әрекет етуге, қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілік алуға дайын болу. Аналитикалық ойлауға ие болу, маркетингтік мәселелерді шешу бойынша презентациялар өткізу.
Кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгеру, ғылыми зерттеулер жүргізу және жоғары оқу орындарында арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру.
3. Абстрактілі ойлау, талдау, синтездеу қабілеті. Кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық коммуникация дағдысының болуы; ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және қисынды ресімдеу.
Күнделікті кәсіби қызметке және докторантурада білімін жалғастыруға қажетті білімді кеңейту және тереңдету дағдысы болу.
4. Өзінің кәсіби қызметінде нормативтік және құқықтық құжаттарды іздеу, талдау және пайдалану дағдыларын меңгерген. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу.
Компанияның тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу саясатын қалыптастыра білу.
5. Кәсіби қызметтің басымдықтарын анықтау, басқарушылық шешімдерді әзірлеу және тиімді орындау, соның ішінде белгісіздік және тәуекелдер жағдайында. Кәсіпорында тауарлық, баға, өткізу саясатының тиімді жүйесін қалыптастыру, маркетинг және логистика саласында басқару жүйесін ұйымдастыру.
Экономикалық объектілердің қызметін талдау, маркетингті басқаруды ұйымдастырудың қажетті нысандарын ғылыми-негізделген таңдау жасау.