Основы горного дела

Сипаттама: "Тау-кен ісі негіздері" пәні пайдалы қазбалар кен орындарын барлауды, оларды өңдеуді, бастапқы өңдеуді, тау-кен кәсіпорындары мен түрлі мақсаттағы жер асты құрылыстарын салуды қамтитын тау-кен өндірісі мамандарын дайындау профилін қалыптастыратын алғашқы пәндердің бірі болып табылады.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Курстың негізгі мақсаты – пайдалы қазбалар кен орындары туралы,ашу және оларды қазу тәсілдері, байыту принциптері жайлы жалпы мәліметтер туралы білім беру.
Міндет
  • Тау-кен инженері кен жұмыстарын жүргізудің кен-геологиялық жағдайларын бағалау, кен орындаран қазу, ашу тәсілдері туралы бастапқы ұғымдар, қазу жүйелері, кен қазбалары мен олардың міндеті туралы,өндірістік процестер мен кен жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тау өндірісінің негізгі қағидаларын,пайдалы қазбаларды игеру әдістерін, қарапайым сұлбамен кенорнын ашу, басты және көмекші оқпандарды өзара орналастыруын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - Тау-кен сызбаларындағы шартты белгілерді оқи алу; - Әртүрлі бекітпелерді есептеу алу;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - технологиялық тапсырмаларды шешуге әдістемелік принциптерді және көзқарасын айта алу, ақпараттарды жинау, талдау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кенорнын ашудың қарапайым әдістерін, тік оқпандарды жүргізу технологиясын, ашудың негізгі және қосымша сұлбаларын білу, тау қазбаларын жүргізу. планограммасын құру,
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ұйымдастыру-басқару жұмыстарын атқара алу, өндірістік-технологиялық шешімдерді қабылдау білу, есептеу-жобалау жұмыстарын орындау
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жер асты тау-кен жұмыстарының негізгі анықтамалары. Тау-кен өндірісі.
  • Тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбалар туралы негізгі мәліметтер
  • Тау қазбалары
  • Тау жыныстарының негізгі қасиеттері мен жіктелуі
  • Тау жыныстарының бұзылуы
  • Тау жыныстарының механикасы.
  • Ашық тау-кен жұмыстары бойынша негізгі ұғымдар
  • Күшті біртекті жыныстарда көлденең және көлбеу қазбаларды жүргізу
  • Кен орындарын игеру кезеңдері. Шахталық аумақ және оны бөліктерге бөлу
  • Шахта алаңында қаттарды дайындау
  • Шахталардағы тазалау жұмыстары
  • Кенді кенорындарын жерасты игеру негіздері
  • Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру негіздері
  • Пайдалы қазбаларды өңдеу және байыту негіздері
  • Сұйық және газ тәрізді пайдалы қазбаларды өндіру негіздері
Негізгі әдебиет
  • Смағұлов З.М., Арыстан И.Д. «Тау- кен саласындағы орысша қазақша терминологиялық сөздіктер» ҚарМТУ, Қарағанды, 1996
  • Егоров П.В. Основы горного дела. Москва, 2000
  • Бобер Е.А. Основы горного дела: Учеб.пособие.Ч.1-2002
  • Васючков В.Ф. Горное дело.-М.:Недра , 2000
  • Килячков А.П. Технология горного производства.-М:Недра, 2002