Қолданбалы геодезия

Апшикур Байтак

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қолданбалы геодезия пәні құрылыс өндірісінде, тау-кен барлау және тау-кен ұңғылау ісінде пайда болатын әртүрлі халық шаруашылығындағы міндеттерді топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету әдістерін зерттеу, табиғи ресурстарды зерттеу және кеңістік пен уақыт бойынша құрылыстар мен жер бетінің тұрақтылығын зерттеу болып табылады. Қолданбалы геодезияда топографиялық-геодезиялық іздестіру әдістері, ғимараттар жобаларын нақты жер бетіне шығару және т.б. әдістері зерттейді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Қолданбалы геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты құрылыстар мен ғимараттарды, технологиялық құрал -жабдықтарды тұрғызу, құрылыстарды пайдалану барысындағы инженерлік-геодезиялық жұмыстардың теориясын, жалпы принциптерін, әдістерін және технологияларын зерттеу болып табылады.
Міндет
  • Қолданбалы геодезияның негізгі міндеттеріне, оңтайлы геодезиялық құрылыстардың схемалары мен бағдарламаларын ғылыми-техникалық негіздеу, сондай-ақ іздестіру, нақты жер бетіне шығару, негіздер мен құрылыстардың деформациясын тексеру және бақылау үшін геодезиялық жұмыстарды белгіленген дәлдікпен жүргізуді қамтамасыз ететін ең тиімді өлшеу әдістері мен құралдарын таңдау және әзірлеу жатады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - инженерлік-геодезиялық жұмыстардың негізгі түрлерін өндірудің теориялық негіздері мен принциптері; - геодезиядағы координаттар жүйесі және олардың өзара өзгерулері; - ГЛОНАСС және GPS спутниктік жүйелерінің жұмыс істеу принципі және ерекшеліктері; - құрылыстағы геодезиялық жұмыстар өндірісінің жобаларын құру әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - жергілікті жердегі бұрыштарды, сызықтардың ұзындығын және биіктік өсімшесін геодезиялық өлшеуді жүргізу, геодезиялық негіздемені құру және жергілікті жердің топографиялық түсірілімдерін далалық және камералдық жұмыстарды орындау, геодезиялық өлшеулердің талап етілетін дәлдігін есептеуді орындау. - далалық және камералдық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу әдістерін қолдануды; - түсірілім геодезиялық негіздемені құру және электрондық тахеометрлермен топографиялық түсірулерді орындау әдістерін таңдау және қолдана білу; - топографиялық-геодезиялық ақпаратты компьютерлік өңдеу әдістерін; - құрылыстың әр түрлі кезеңдерінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау әдістерін пайдалануы; - геометриялық параметрлерді орындау дәлдігіне нормативтік және жобалық құжаттама талаптарына сүйене отырып геодезиялық жұмыстардың дәлдігін есептеу әдістемесін пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - Ақпараттық технологиялар көмегімен өз бетінше ізденістер жасау және практикалық қызметте жаңа білімдер мен біліктерді, соның ішінде қызмет саласымен тікелей байланысты емес жаңа білім салаларында пайдалану қабілеті; - ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын білу, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдысының болуы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жаңа білім мен іскерлікті, соның ішінде қызмет саласымен тікелей байланысты емес жаңа салаларда, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілікті дамыту үшін таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетінше қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • пландық желіні жиілету бойынша жұмыстарды орындау; инженерлік-техникалық міндеттерді шешу кезінде жұмыстар кешенін жүзеге асыру; Геодезиялық өлшеулерді жүзеге асыру және далалық құжаттаманы жүргізу; құрылыс-монтаж жұмыстарына геодезиялық бақылауды жүзеге асыру; топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде белгіленген нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету; ғимараттарды тұрғызу кезінде жер бөлуді ресімдеу үшін геодезиялық материалдарды келісуге және дайындауға қатысу; бастапқы деректерді дайындау және далалық материалдарды камералдық өңдеуді жүзеге асыру; топографиялық-геодезиялық сипаттағы карталарды, пландарды, схемаларды, профильдерді және басқа да материалдарды жасау; Геодезиялық аспаптар мен құралдарды тексеру және түзету; Геодезиялық жұмыстарды жоспарлауға, ұйымдастыруға және жоюға қатысу; өндірістік құжаттама мен есептілікті ресімдеу.
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу)

берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру

ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар)

іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі)

оқу міндеттерін шешу

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Өндірістік ғимараттарды салудағы инженерлік-геодезиялық жұмыстар құрамы
  • Өнндірістік алаңдардағы инженерлік-геодезиялық ізденістердің ерекшеліктері
  • Өндірістік алаңдардағы геодезиялық бөлу негіздері
  • Өндірістік ғимараттарды салудағы бөлу жұмыстары
  • Кранасты жолдарын құру және тексеру
  • Кран асты жолдарын нивелирлеу
  • Құрылыстар мен құрылғыларды пландық түрде орнату және тексеру
  • Құрылыстар мен құрылғыларды биіктік бойынша орнату
  • Технологиялық құрылыстарды орнату және тексеру
  • Мұнаралық түрдегі құрылыстарды салудағы геодезиялық жұмыстар
  • Бөлу жұмыстарының әдістері және дәлдіктері
  • Су кедергілерін өту барысындағы геодезиялық бөлу жұмыстарының ерекшеліктері
  • Құрылыс салынған және салынбаған жерлерде топографиялық түсіріс жұмыстарын жүргізу
  • Орындаушы түсірістер
  • Прецизиялық құрылыстарды салу кзіндегі жоғарыдәлдікті геодезиялық жұмыстар
Негізгі әдебиет
  • Багратуни Г.В. Инженерная геодезия: Учебник для вузов/Багратуни Г. В., Ганьшин В. И., Данилевич Б. Б. и др. 3-е изд., перераб. и доп. М., Недра, 2018. - 344 с.
  • Ямбаев Х.К. Геодезическое инструментоведение: Учебник для вузов. – М.: Академический Проект; Гаудеамус, 2018. – 583 с. – (Gaudeamus).
  • Большаков В.Д. Методы и приборы высокоточных геодезических измерений в строительстве. - М.: Недра, 2018. - 345
  • Авакян Вячеслав Вениаминович. Қолданбалы геодезия: Оқу құралы / Авакян,Вячеслав Вениаминович, Касымканова, Хайни-КамальМихайловна, Джангулова,Гульнар Кабатаевна; ӘлФараби атынд. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 248 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Учебно-практическое пособие CREDO ТОПОПЛАН 1.0., Минск. - 2006, 163 с.
  • Клюшин Е.Б., Киселев М.И., Михелев Д.Ш., Фельдман В.Д. Инженерная геодезия: Учебник для вузов. - М.: Издательский центр «Академия», 2004. — 480 с.
  • Руководство по экплуатации тахеометра серии Trimble M3 DR. Версия 1.00. Редакция А. Nikon-Trimble CO. Limuted. 2009 г.
  • Руководство пользователя электронного тахеометра Pentax R-325 NX. Токио, Япония.: pentax industrial instruments co. ltd. 2005
  • Руководство пользователя цифрового нивелира Trimble DiNi. Версия 1.00., Артикул: 57345002. Nikon-Trimble CO. Limuted. 2006 г.
  • Марфенко С.В. Геодезические работы при строительстве тоннелей и подземных сооружений: Учебное пособие. - М.: МИИГАиК, 2004
  • Марфенко С.В. Геодезические работы при строительстве промышленных сооружений: Учебное пособие. - М.: МИИГАиК, 2004