Основы маркшейдерского дела

Сипаттама: Курс тау-кен жұмыстарының пландарын жасау мақсатында шахталар мен карьерлердің кен қазбаларын түсіру өндірісінің әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ кен орнын барлау, тау-кен кәсіпорнын салу және пайдалы қазбаны игеру кезінде туындайтын әртүрлі инженерлік-техникалық міндеттерді шешу үшін арнайы түсірулер мен жұмыстарды зерттейді.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Маркшейдерлік тірек және түсіріс торларын тұрғызу бойынша техникалық талаптармен нұсқаулықтарды оқу, ашық және жер асты тау-кен орнын өңдеу барысындағы түсіріс, пайдалы қазбаларды қазу бойынша мекемелер құрылысы (реконструкциясы) барысындағы маркшейдерлік жұмыстар, маркшейдерлік құжаттарды жүргізу және құрастыру, сондай-ақ алған білімдерін практикалық меңгеруі
Міндет
  • «Маркшейдерлік іс негіздері»пәнін оқудың мақсаты: студенттерді Мемлекеттік жалпыға міндетті оқу стандартынның талабына сай, олардың мамандығына сәйкес, тапсырмаларды шешуге кәсіптік дайындалу жетістігіне жеткізу. -тау-кен өнеркәсібін пайдалану немесе жою барысындағы жүргізілетін маркшейдерлік жұмыстардың түрлері; -тау-кен өңдеудегі геодезист-маркшейдер жұмыстары; бұрғылап-жару жұмыстарын жүргізуді. -шахталар мен карьердегі геодезиялық өлшеулердің қазіргі заманғы технологиялары мен әдістерін үйрену; -шахталар мен карьерлерде пайдаланылатын геодезиялық құралдарды қолдану; -үйренген өлшеу әдістерін іс-жүзінде пайдалану; -өлшеу нәтижелерін МЕСТ талаптарына сәйкес, камеральдық өңдеу; -маркшейдерлік-графикалық құжаттарды дайындауды білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Математикалық, жаратылыстық, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар облысында жалпы білім беру және базалық пәндер циклінде түсінігі және базалық білімге ие болуы.
  • Жобалық –конструкторлық жұмыстарды орындауды және жобалық және технологиялық құжаттарды сәйкесті стандарттарға, техникалық шарттарға және басқада нормативті құжаттар шартында, оның ішінде жобаны автоматтандыру құралын пайдаланып орындауды білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қазіргі заманғы техникалармен жұмыс істеу дағдыы болуы, кәсіптік әрекеті шеңберінде ақпараттық технологияларды пайдалана білуі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіптік әрекеттерімен байланысты әртүрлі шарт – жағдайларда, мобильді және икемді болуы, экономикалық сипаттағы шарты айқын болмаған тәуекелде ұйымдастырылған шешім қабылдауға дағдысы болуы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өз пікірін ұжымның пікірімен сәйкестендіре білуі ортақ тіл табыса білуі, топпен жұмыс істей білуі, өз көзқарасын нақты білдіруі және жаңа шешім ұсына білуі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіптік және жеке тұлға ретінде өзін жетілдіруге ұмтылу, және кәсіптік әрекетімен қатар магистратураны жалғастыру, қазіргі заманғы ақпарат ағына ориентир жасауға дағдысы болуы және динамикалық өзгерістерге ұшырап отыратын құбылыстармен әлемдік нарыққа бейімделе білуі.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Карьерлер мен шахталар туралы жалпы түсінік
  • Шахталар мен карьерлердің өнеркәсіптік алаңдарындағы геодезиялық жұмыстардың міндеттері
  • Бөлу жұмыстарының негізгі элементтері (дайындық жұмыстары, көлденең бұрышты ауыстыру, қашықтық, осьтерді шығару, реперді қалпына келтіру)
  • Шахта оқпанының орталығы мен осьтерін бөлу. Шахталар мен карьерлердің өнеркәсіптік алаңдарының беттерін тік жоспарлау
  • Құрылыстар мен кірме жолдардың осьтерін бөлу
  • Қарсы кенжарлармен үңгілеу бағытын беру кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
  • Жалғастырушы үшбұрыш тәсілімен және екі оқпан арқылы бағдарлау
  • Ашық кен орындарындағыі геодезиялық тірек желісі
  • Геодезиялық түсіріс желілерді құру әдістері, желі пункттерінің орналасуын анықтаудың дәлдігі
  • Түсіру желілері пункттерінің биіктігін анықтау және маркшейдерлік желі пункттерін бекіту тәсілдері
  • Карьерлерді егжей-тегжейлі маркшейдерлік түсіру
  • Карьерлерді салу және қайта жаңарту кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
  • Көшпелі және кесінді траншеяларды жүргізу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар. Автомобиль және темір жол құрылысы кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
  • Бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар. Жыныс үйінділерін салу кезіндегі маркшейдерлік жұмыстар
  • Тау жыныстарының деформациялануын бақылау кезіндегі геодезиялық жұмыстар
Негізгі әдебиет
  • Маркшейдерия: Учебник для вузов / Под ред. М.Е. Певзнера, В.Н. Попова. – М.: Изд-во Моск. гос. гор. унив., 2003
  • И.И. Попов, Б.М. Жаркимбаев. Маркшейдерское дело. Алматы, 2000 – с.ил.
  • Евдокимов А.В., Симанкин А.Г. Сборник упражнений и задач по маркшейдерскому делу. М., изд-во МГГУ, 2004
  • Карпик А.П., Чешева И.Н., Дмитриев Д.В. Ориентирование подземной геодезической основы: Практикум. – Новосибирск: СГГА, 2000
  • Справочник по маркшейдерскому делу. М.- Недра, 1979.
  • В.И. Борщ – Компониец. Основы геодезии и маркшейдерского дела. М.- Недра, 1981
Қосымша әдебиеттер
  • Ушаков Н.И. Маркшейдерское дело. М.: Недра, 1989
  • Гусев Н.А. Маркшейдерско-геодезические инструменты и приборы. М.: Недра, 1982
  • Симанян P.P. Маркшейдерское дело. М.: Недра, 1982
  • Условные обозначения для графической документации. М., Недра, 1981