Контроль и опробование продуктов обогащения

Сипаттама: Кендер мен байыту өнімдерін сынамалау принциптері мен әдістерін, сондай-ақ сынамаларды өңдеу әдістемесін қамтиды. Кеннің физикалық қасиеттері мен заттық құрамын бақылау, Технологиялық жабдықтың жұмысын бақылау мәселелері қаралды. Металл балансын құрастыру бойынша мәліметтер берілген. Байыту процестерін басқаруды автоматтандыруға көңіл бөлінген.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Байыту өнімдерін сынамалау принциптері мен әдістерін, сынамаларды өңдеудің теориялық негіздері мен әдістерін, технологиялық процестерді автоматты бақылау құрылғыларын оқып білу
Міндет
  • Байытудың технологиялық процестерін сынамалау және бақылау саласындағы теориялық білімді бекіту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Сынамаларды алу, сынаманы талдауға дайындау әдістемелерін, бақылау деректерін өңдеу әдістемесін білу. Сынамалау деректері бойынша технологиялық және тауарлық балансты құру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Сынамалау параметрлерін есептеуді, процестің барысын, жабдықтың жұмысын дұрыс бағалауды , процесс параметрлерінің, жабдықтың жұмысының ауытқу себептерін, металлдар балансының үйлеспеушілігінің себептерін анықтай білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Байытудың технологиялық процесін сынамалау мен бақылаудың тиімді сұлбасын таңдау және есептеу қабілеті, сынамаларды алу әдісін және оны жүзеге асыру үшін құрылғыларды таңдау дағдысын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Металдардың тауарлық және технологиялық балансын есептеу үшін анықтамалық әдебиетті, және де сынамалау сұлбасын таңдау және құру кезінде тәжірибелік дағдыларды белсенді пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Осы курс бойынша барлық есеп тапсырмаларын және емтихандарды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Пайдалы қазбаларды сынамалау. Негізгі ұғымдар. Негізгі бақыланатын параметрлер. Сынамалардың жіктелуі.
  • 2 тақырып. Сынамалау параметрлері. Сынаманың ең аз массасы. Сынамалаудың қателіктері
  • 3 тақырып. Сынама алу әдістері. Қозғалмайтын массалардан сынама алу тәсілдері. Жылжымалы массалардан сынама алу тәсілдері
  • 4 тақырып. Сынама алатын құрылғылар. Көлденең қималар тәсілімен жылжымалы материалдан сынамалар алуға арналған сынама алғыштар. Бойлық қималар тәсілімен сынамалар алуға арналған сынама алғыштар
  • 5 тақырып. Сынамаларды дайындау. Араластыру әдісі. Сынамаларды қысқарту әдісі. Сынамаларды дайындау сұлбалары
  • 6 тақырып. Сынамаларды алу жүйелері, оларды тасымалдау және дайындау. Кесекті өнімдерінің сынамаларын алу және дайындау жүйелері. Қойыртпақты өнімдерді алу және дайындау жүйелері. АБАЖ-аналитикалық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі
  • 7 тақырып. Технологиялық процесті бақылау. Бақылау түрлері. Негізгі және жанама көрсеткіштер. Қозғалмайтын массаларды өлшеу. Жылжымалы ыдыстардағы массаларды және сусымалы өнімдердің шығындарын өлшеу
  • 8 тақырып. Қойыртпақтың шығындарын және олардағы қаттының мөлшерін өлшеу. Қойыртпақтың ылғалдылығы мен тығыздығын өлшеу. Гранулометриялық құрамды бақылау
  • 9 тақырып. Қойыртпақтың сілтілігін анықтау әдістері. Суды тұтынуды және оның сапасын есепке алу
  • 10 тақырып. Қойыртпақтың ионды құрамын бақылау
  • 11 тақырып. Пайдалы қазбаларды байытуға дайындау процесін бақылау
  • 12 тақырып. Гравитациялық байытуды бақылау
  • 13 тақырып. Флотациялық процесті бақылау
  • 14 тақырып. Металдар балансы. Жалпы мәліметтер. Технологиялық балансы
  • 15 тақырып. Металдар балансы. Аяқталмаған өндіріс қалдықтарын анықтау. Тауарлық балансы
Негізгі әдебиет
  • 1. Хан Г.А. Опробование и контроль технологических процессов обогащения. - М., Недра, 1979 2. Саградян А.Л., Суворовская Н.А. Контроль технологического процесса флотационных фабрик. - М., Недра, 1964 3. Серго Е.Е. Опробование и контроль технологических процессов на обогатительных фабриках. - Киев, Высшая школа, 1974. 4. Справочник по обогащению руд. Т. 2, часть 2, - М., Недра, 1974. 5. Хан Г.А. Автоматизация процессов обогащения. - М., Недра, 1964.
Қосымша әдебиеттер
  • 6. Краснов Д.А. Теоретические основы и расчетные формулы определения веса пробы. - М., Недра, 1969. 7. Троп А.Е. и др. Автоматизация обогатительных фабрик. - М., Недра, 1970.