Технология разработки рудных и нерудных месторождений

Сипаттама: Кенді игерудің үш негізгі сатысы қарастырылады: ашу, дайындау және тазалау. Салыстырмалы түрде аз тереңдікте оңай игерілетін кен орындарының саны ұдайы қысқарады, ал кендер мен басқа да пайдалы қазбалардың қасиеттері сапалық жағынан айтарлықтай өзгереді. Мәселен, көп сортты полиметаллды қиын қайта өңделетін кендерге бай, өздігінен жануға бейім сульфидті кендердің үлесі айтарлықтай артты.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологиясы пәнін оқытудың мақсаты тау-кен өндірісінің қазіргі жағдайы, жерасты алу, қоршаған ортаны қорғау, арнаулы алу әдістері және қай бағытта дамуы туралы түсініктері білу керек
Міндет
  • Қазіргі заманға сай тау – кен өндіру өнеркәсіптерінде қолданылатын, сонымен қатар өндірісте апробациядан өткен, қазіргі заманға сай шығарылған тау машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары және конструктивті қабілеттілігі, жұмыс процестері, қондырғылары, классификациясы қолдану аймағы, қызметі қарастырылған.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тау—кен кәсіпорнындағы кенорнын қазу жүйелері; Жерасты және ашық алудағы механикаландыру жабдықтары;  Негізгі тау- кен технологиялық есептеуді үйрену;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Техника- экономикалық көрсеткіштерді білу; Тау- кен технологияларын, қазіргі пайдалы қазбалы кен орындарын алудағы технологиялық бағыттары.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - Кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды жерасты игеру технологиясы пәні бойынша баяндамалар жазу, көрнекі материалдар дайындай алу; - Тау- кен жұмыстары туралы түсініктеме, пайдалы қазбалардың жатыс сипаттамалары жайлы ұғым. - Қазбаларды жүргізудің технологиялық үдірістері;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • – ғылыми және арнайы кен ісі жайындағы білімі негізінде тау-кен ісі жұмыстарының міндеттерін формулировкалау; – кәсіби қызмет саласында негізгі заңдарды жақсы білу қабылеті, зерттеу жүргізу кезінде үлгілеу, математикалық талдау әдісі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • – тау-кен ісіндегі жаңа және орнықты жетістіктерді қолдана білу; – өндірістік жағдайларында ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді таба білу.
Негізгі әдебиет
  • 1. Сағынов А.С., Смағұлов З.М., Исабек Т:К. «Пайдалы кен орындарын ашу» ҚарМТУ, Қарағанды 2007. 2. Смағұлов З.М.,Арыстан И.Д., Исабек Т:К: «Тау – кен технологиясының негіздері» ҚарМТУ, Қарағанды 2003 3. 1. Бейсебаева А.М., Битимбаев М.Ж., Пшеничный А.Я. Тау қазбаларын жүргізу.- Алматы.: ИИА «Айкос», 2000