Гравитационные методы обогащения

Сипаттама: Гравитациялық байытудың теориялық негіздерін қарастырады. Үрдістердің мәні (ауыр ортада байыту, отсадкалау, су ағынында байыту, пневматикалық байыту) және оларды қолдану үшін құрылғылар, гравитациялық байытудың технологиялық сұлбасы қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пайдалы қазбаларды байытудың гравитациялық әдістерінің теориялық негіздерін, осы әдістерге арналған жабдықтардың жұмыс принциптерін, минералды шикізаттың әр түрлерін өңдеу кезінде қолданылатын технологиялық сұлбаларын оқу
Міндет
  • Гравитациялық байыту үшін сұлбалар мен жабдықтарды таңдау принциптерін, процесті технологиялық есептеу әдістемесін меңгеру, техникалық әдебиетпен жұмысқа дағдылану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Гравитациялық процестің физикалық-химиялық ерекшеліктерін, гравитациялық байытудың түрлі әдістерін, кендердің түрлі типтерінің технологиялық сұлбаларын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Байытудың технологиялық гравитациялық сұлбасын таңдауды және негіздеуді, жабдықтың технологиялық есептерін орындауды білу, арнайы техникалық және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алынған білім негізінде минералды шикізатты өңдеу және байыту бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыстар өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Теориялық білімді тәжірибелік қызметте сауатты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Барлық тапсырмаларды және емтиханды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Су және ауа орталарында сұрыптау. Денелердің еркін және тығыз құлауы. Түйіршіктердің құлау жылдамдығы. Тең құлаушылық коэффициенті
  • 2 тақырып. Сұрыптаудың негізгі принциптері. Сұрыптау процесінің жалпы сипаттамасы. Сұрыптауыштардың құрылмалары
  • 3 тақырып. Гидроциклондар. Гидроциклондар жұмысының теориялық негіздері. Гидроциклондардың жұмысына әсер ететін негізгі конструктивтік факторлар
  • 4 тақырып. Гравитациялық байыту әдістерін қолдану саласы және жалпы сипаттамасы. Гравитациялық байыту кезінде бөлшектерді бөлудің теориялық негіздері
  • 5 тақырып. Ауыр орталарда байыту. Ауыр суспензияларда байытудың мәні, қолдану саласы. Ауырлатқыштар және ауыр суспензиялардың қасиеттері
  • 6 тақырып. Ауыр суспензияларда байытуға арналған сепараторлар. Ауыр суспензияларда байыту технологиясы. Ауырлатқыштың қалпына келуі
  • 7 тақырып. Отсадкалау. Отсадкалаудың теориялық негіздері және технологиясы. Отсадкалаудың циклдері
  • 8 тақырып. Отсадкалау машиналары. Лүпілдерді жасау тәсілі бойынша жіктелуі, жалпы сипаттамасы. Әртүрлі минералды шикізатта отсадкалау машиналарының жұмыс тәжірибесі
  • 9 тақырып. Су ағынында байыту. Үстелдерде концентрациялау. Теориялық негіздері және әрекет ету принципі. Үстелдердің құрылмалары
  • 10 тақырып. Шлюздерде байыту. Процестің физикалық негізі. Шлюздің принципті құрылғысы. Шлюздердің жұмысына әсер ететін факторлар
  • 11 тақырып. Бұрамалы сепараторларда байыту. Сепаратор бойынша қозғалысы кезінде бөлшектерге әсер ететін күштер. Бұрамалы сепараторлардың конструктивтік және технологиялық параметрлері
  • 12 тақырып. Тарыла түскен науаларда байыту. Принципті құрылғысы және әрекет принципі. Науаларда байытуға арналған аппараттардың құрылмасы. Ағынды концентраторлар мен конустық сепараторлардың тәжірибесі
  • 13 тақырып. Пневматикалық байыту. Ауа ортасында байыту шарттары. Пневматикалық сұрыптау. Аэросуспензиялық сепараторлар мен пневматикалық отсадкалау машиналарының құрылмалары
  • 14 тақырып. Шаю. Процесс, оның мақсаты туралы жалпы мәліметтер. Шайылатындық бойынша кендердің жіктелуі. Шаю алдында кенді дайындау тәсілдері
  • 15 тақырып. Шаю құрылғылары мен машиналары. Құрылмалары және қолдану саласы
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Минералды түйіршіктердің негізгі физикалық қасиеттерін зерделеу. Кен тығыздығын анықтау
  • Статикалық жағдайларда ауыр сұйықтықтарда көмірді фракциялық талдау
  • Цилиндрлердегі ұнтақтарға седиментациялық талдау жүргізу
  • Гравитациялық талдау. Байытылғыштық қисықтарын құру және талдау
  • Отсадкалау машиналарының жұмысын зерттеу
  • Шлюздердің жұмысын зерттеу
Негізгі әдебиет
  • 1. Шохин В.Н., Лопатин А.Г. Гравитационные методы обогащения. - М., Недра, 1993. 2. Кизевальтер Б.В. Теоретические основы гравитационных процессов обогащения. - М., Недра, 1979. 3. Справочник по обогащению руд. Основные процессы. - М., Недра, 1983. 4. Берт Р.О. Технология гравитационных процессов обогащения. Перевод с английского. - М., Недра, 1990
Қосымша әдебиеттер
  • 5.Барский М.Д. и др. Гравитационная классификация зернистых материалов. - М., Недра, 1974. 6. Краснов Г.Д., Струков В.Б. Интенсификация разделения минералов в тяжелых суспензиях. - М., Недра.ю 1980. 7. Райвич И.Д. Отсадка крупнокусковых руд. - М., Недра, 1969.