Процессы рудоподготовки и оборудование

Сипаттама: Кенді дайындау процесі қарастырылады. Ол- ұсақтау, ұнтақтау, елеу және жіктеу үрдістерін және жабдықтарын қамтиды. Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студент концентрат алу технологиясын анық білуі қажет және концентраттың металлургиялық кәсіпорындардың шикізаты болып табылатынын түсіну.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Тікелей байыту фабрикасында жүзеге асырылатын процестерді (ұсату, елеу, ұнтақтау, сұрыптау) және фабрикаға дейін кенді дайындау процестерін оқып білу
Міндет
  • Ұсату, елеу, ұнтақтау, сұрыптау процестерінің теориялық негіздерін және осы процестерде қолданылатын жабдықтарды оқып білу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кенді дайындау процестерінің теориялық негіздерін, пайдалы қазбалардың ұсату, елеу және ұнтақтау сұлбаларын таңдауды және есептеуді білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Одан әрі байыту үшін кенді дайындау сұлбасын таңдауды және есептеуді білу. Жабдықты таңдау және технологиялық есептеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Эксперимент қою және алынған мәліметтерді өңдеу, құрал-жабдықтарды таңдау кезінде бастапқы шикізат пен байыту өнімдерінің ірілік сипаттамаларын құру және пайдалану дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Алынған теориялық білімді тәжірибелік қызметте пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Барлық тапсырмаларды және емтиханды сәтті тапсыру
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 тақырып. Фабрикаға дейін кенді дайындаудың мәні. Тау-кен байыту кәсіпорындарының шикізат базасының күйі. Кендердің біркелкілеуі
  • 2 тақырып. Кендер мен байыту өнімдерінің гранулометриялық сипаттамасы. Гранулометриялық құрамы, оны анықтау мақсаты. Анықтау әдістері. Ірілік сипаттамаларының графикалық бейнесі, оларды пайдалану
  • 3 тақырып. Елеу. Елеу туралы жалпы мәліметтер. Елеу процесінің теориялық негіздері. Елеуіштердің жұмыс беті
  • 4 тақырып. Елеуіштердің жіктелуі. Елеуіштер мен елегіш беттерінің құрылмалары, жұмыс көрсеткіштері
  • 5 тақырып. Елеуіштерді пайдалану. Елеу сұлбалары. Қолдану саласы, өнімділікті есептеу
  • 6 тақырып. Ұсату. Ұсату және ұнтақтау процестерінің теориялық негіздері. Жыныстардың физикалық-механикалық қасиеттері, беріктілік коэффициенті. Бұзу тәсілдері
  • 7 тақырып. Жақты ұсатқыштар. Жылжымалы жақтың бекіту тәсілі және оның қозғалыс түрі бойынша жақты ұсатқыштардың типтері. Өнімділікті есептеу
  • 8 тақырып. Конусты ұсатқыштар. Ұсатқыштардың жіктелуі, қолдану саласы. Ұсату дәрежесі. Ұсатқыштардың жаңа түрлері
  • 9 тақырып. Білікшелі және балғалы ұсатқыштар. Құрылмалары және қолдану саласы
  • 10 тақырып. Ұсату сұлбалары. Сұлбалардың жіктелуі. Көп сатылы ұсатудың типтік сұлбаларын қолдану саласы
  • 11 тақырып. Ұнтақтау. Ұнтақтау механикасы. Диірмен түрлері. Барабанды диірмендердің жылдамдық режимдері
  • 12 тақырып. Диірмендердің ұсату ортасы. Ұнтақтау процесіне әсер ететін факторлар. Шарлы тиеудің тозуы, оны толықтыру
  • 13 тақырып. Кеннің өздігінен ұнтақталуы. Кентаспен ұнтақтау. Өздігінен ұнтақталудың артықшылықтары мен кемшіліктері
  • 14 тақырып. Ұнтақтау процестерінде сұрыптау. Сұрыптаушы аппараттар: механикалық шиыршықты сұрыптауыштар және гидроциклондар, олардың құрылғысы
  • 15 тақырып. Ұнтақтаудың және сұрыптаудың сұлбалары. Ұнтақтау жабдығын пайдалану. Қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері
Негізгі әдебиет
  • 1. Перов В.А., Андреев Е.Е., Биленко Л.Ф. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых.- М., Недра, 1990. 2. Андреев С.Е., Зверевич В.В., Перов В.А. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых. - М., Недра, 1980. 3. Серго Е.Е. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых. - М., Недра, 1985.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Справочник по обогащению руд. Подготовительные процессы. 2 изд., перераб. и доп.. - М., Недра, 1984. 5. Разумов К.А. Проектирование обогатительных фабрик. - М., Недра, 1974. 6. Справочник по обогащению руд. Т. 3. Обогатительные фабрики. - М., Недра, 1972.