Топография негіздері

Гусаренко Юлия Дмитриевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Топография негіздері баяндалған, геодезиялық топографиялық карталар мен жоспарлар жасау мақсатында далалық геодезиялық өлшеулерді өңдеу тәсілдері келтірілген.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге түсінік беру.
  • - топографиялық пландар мен карталар және олардың ерекшеліктері туралы;
  • - топографиялық түсініктер туралы;
  • - топографиялық негіздер құру кезінде орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен мазмұны туралы.
Міндет
  • Студент топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен технологиясын білуі қажет.
  • Студент істей білуі қажет:
  • - топографиялық картаны еркін оқи және ондағы есептерді графикалық және есептеу сипатында шығара білу;
  • - топографиялық карталар мен пландардың мазмұнын талдау және сипаттау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Картаға және планға қойылатын талаптар, топографияның теориялық негіздерін түсіну және білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Карта және план бойынша шығарылатын түрлі инженерлік есептерді шешуді білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдау қабілеттілігі, астрономиялық анықтамалардың өндірісінің тәсілдері және оларды қолдану жағдайлары туралы қорытынды жасай және дәлелді ойды айта білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Карта және план бойынша шығарылатын түрлі инженерлік есептерді шешу қабілеттілігі.
  • Геодезиялық аспаптар және инструменттермен жұмыс істеу дағдылары.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Геодезия және топография негіздері туралы жалпы мәліметтер
  • Жердің пішіні мен көлемі
  • Координаталар жүйесі және Гаусс-Крюгер проекциясы
  • Сызықтарды жергілікті жерге бағдарлау
  • Топографиялық пландар мен карталар
  • Пландар мен карталардың номенклатурасы
  • Рельефтің негізгі түрлері
  • Теодолит түрлері, олардың жіктелуі
  • Көлденең бұрыштарды өлшеу тәсілдері
  • Теодолиттік жүрістер
  • Тұйықталған теодолиттік жүрістің координаталар ведомосын есептеу
  • Тахеометриялық түсіріс
Негізгі әдебиет
  • Бурым Ю.В. Топография: учебное пособие. - Ставрополь: Издательство СКФУ, 2014. - 116 с
  • Кузнецов О.Ф. Основы геодезии и топографии местности: учебное пособие. - Оренбург: Типография "Экспресс-печать", 2014. - 289 с
  • Колмогоров В.Г. Основы геодезии и топографии. – Новосибирск: НГУ, 2004.
  • Курошев Г.Д. Топография. - М.: Издательский центр "Академия", 2011