Основы кадастра

Сипаттама: Пән жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету кезінде қажетті жер кадастры саласындағы білімді қалыптастыруға бағытталған. Жер кадастры жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау; жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, жерді экономикалық бағалау және т. б. мақсатында құрылады және жүргізіледі.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • мемлекеттік жер кадастры туралы білімді және негізгі кадастрлық жұмыстардың әдістемесін меңгеру, жер кадастрын жүргізудегі тәжірибелік дағдыларды толық жетілдіру
Міндет
  • студенттерге мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі, жер-кадастрлық жұмыстардыің мәні, принциптері мен әдістері бойынша білім беру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібін, жер кадастрылқ жұмыстардың негізін білу. Ақпаратты алу, сақтау және өңдеу құралдарын, негізгі әдістерін және тәсілдерін басқару, компьютерлік технологияларды ақпаратпен жұмыс істеу құралы ретінде қолдануға дайындық қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жоспарлау, салық салу, жерлерді сату, жалға беруде, экономикалық бағалауда, бонитировкада кадастрлық ақпаратты пайдалана білу.Қазіргі заманғы географиялық және жер ақпараттық жүйелерді, графикалық, кадастрлық және басқа ақпаратты жаңа заманғы дәрежеде қолдау және дайындау тәсілдердің білімдерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ойлау мәдениетінің болуы, ақпаратты талдай білу, негізделген тұжырымды айта білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кешенді мәселелерді шешуде өкілеттіліктерді және жауакершіліктерді бөлумен топтың мүшесі ретінде және жеке тиімді жұмыс істеу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Аудандар мен қалалардың жер-кадастрлық құжаттарын толтыра білу. Техникалық құжаттарды әзірлей білу (жұмыс графигі, смета)
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жер кадастры туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
  • Мемлекеттік жер кадастры: түсінігі, функциялары, принциптері
  • Мемлекеттік жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызмет түрлері
  • Жерді есепке алудың міндеті және сипаты
  • Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу
  • Жердің сапасын есепке алу. Жер учаскесінің алқаптар түрлері мен топырақ түрлері бойынша сапалық жағдайы.
  • Құнарлықтың түсінігі және мәні. Топырақты бонитеттеу
  • Жердің кадастрлық бағасы
  • Жерлерді экономикалық бағалау
  • Жер кадастрын жүргізу тәртібі, ақпаратын пайдалану
  • Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі
  • Жер-кадастр құжаттамасы. Сәйкестендіру құжаттары
  • Жер-кадастрлық iстiң құрамы және мазмұны
  • Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
  • Қазақстан Республикасының МЖК мәліметтерін беру және ақпаратын пайдалану
Негізгі әдебиет
  • Земельный Кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003 года № 442.
  • Варламов А.А., Гальченко С.А., Земельный кадастр, Том 3, Государственная регистрация и учет земель, 2009.
  • Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 ноября 2014 года № 68 «Об утверждении структуры, состава и содержания земельно-кадастровой документации»
  • Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2014 года № 160 «Об утверждении Правил ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан».
  • Чешев А.С., Фесенко И.П. Земельный кадастр. Учебник для вузов.- М.: «Издательство ПРИОР», 2009.
  • Сейфуллин Ж.Т., Абельдина Р.Қ., Нюсупова Г.Н. Жер кадастры (учебное пособие) – Алматы: Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2011
  • Блисов Т. Жер кадастры: Учебное пособие - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2015.