Космическая геодезия

Сипаттама: Ғарыштық геодезия геодезияның ғылыми және ғылыми-техникалық міндеттерін шешу үшін жасанды және табиғи аспан денелерінің қозғалысы теориясының мәселелерін зерттейді және планетаның бетінен де, тікелей спутниктерден де орындалған бақылау нәтижелерін пайдаланады. "Ғарыштық геодезия" курсы геодезиялық есептегі жүйелерге, ғарыш аппараттарының қозғалыс негіздеріне және оларды бақылау әдістеріне үлкен көңіл бөле отырып, геодезиялық міндеттерді шешу үшін жасанды Жер серіктерін пайдаланудың теориялық негіздерін баяндайды

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ғарыштық геодезияның теориялық негіздерін үйрену.
Міндет
  • Студенттерге аспан денелерінің жасанды және табиғи бақылауларының нәтижелерін өңдеуді жүргізуге үйрету.
  • Ғарыштық геодезияның есептерін шешу әдістерін студенттерге үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ғарыштық геодезияның теориялық негіздерін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бір координата жүйесінен басқа координата жүйесіне ауысуды және ғарыштық геодезияның түрлі есептерін шешуді үйрену.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты талдау қабілеттілігі, астрономиялық анықтамалардың өндірісінің тәсілдері және оларды қолдану жағдайлары туралы қорытынды жасай және дәлелді ойды айта білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Серіктік бақылаулардың берілгендерін өңдеу үшін бағдарламалық-технологиялық құралдарды таңдау және қолдану қабілеттілігі.
Негізгі әдебиет
  • Нұрпейісова М.Б. Ғарыштық геодезия. Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2012
  • Крылов В.И. Космическая геодезия. - М.: МИИГАиК, 2002
  • Луповка В.А., Луповка Т.К. Основы космической геодезии с элементами фотограмметрии. - М.: МИИГАиК, 1998