Сейсмостойкость зданий и сооружений

Сипаттама: Сейсмикаға төзімді құрылыс негіздерін, сейсмикалық жүктеме параметрлерін, есептеу әдістерінің даму тарихын зерттейді. Сейсмикалық жүктемелерді анықтаудың нормативтік, сондай-ақ сандық тәсілі. Сейсмикалық қорғау және сейсмоқшаулау туралы негізгі мәліметтер. Сейсмикалық жүктеменің ықтимал әсерін ескермей салынған қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды күшейтудің өзекті мәселелері.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Инженерлік сейсмология тұрғысынан аумақтардың сейсмикалық қауіптілігіне баға беру, сеймикалық қауіпсіз ғимараттар мен үймереттердің көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдерін таңдау.
Міндет
  • Табиғи және инженерлік-геологиялық факторларды, ғимараттың және үймереттің динамикалық сипатын және оның оған әсер етуін, сейсмоқауіпсіздікті қамтамасыз ететін инженерлік шешімдердің таңдауын зерттеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Сеймикалық қауіпсіз ғимараттар мен үймереттердің көлемді-жоспарлау және конструктивті шешімдерін іздеу үшін инженерлік сейсмология принциптері мен сейсмикалық әсерлердің ерекшеліктерін пайдалану білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қиратқыш жерсілкінісі кезінде құрылыс обьектілерінің сейсмоқорғау тәсілдерін таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қиратқыш жерсілкінісінен кейінгі қайта қалпына келтіру шығындарымен салыстырғандағы ғимараттардың сейсмокүшейту жүйелерін жобалаудың технико-экономикалық тиімділіктерін көрсете білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жерсілкінісі қарқындылығын бағалау және Қазақстан Республикасындағы сейсмоқауіпті аудандардағы ғимараттар мен үймереттерді жобалау бойынша нормативті-техникалық құжаттарды пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғимараттарды сейсмикалық қорғаудың жаңа әдістерін енгізу, жеңіл құрылыс конструкцияларын пайдалану, сеймикалық қауіпсіздікті қамтамасых ететін инновациялық қорғауға қабілетті конструктивті шешімдерді даярлау қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • 1 СНиП РК 2.03-30-2006. Строительство в сейсмических районах / Комитет по делам стр-ва и ЖКХ Мин-ва инд. и торговли РК, - Алматы, 2006. - 80 с. 2 СН РК 2.03-28-2004. Шкала для оценки интенсивности землетрясений MSK-64(K)/ Комитет по делам стр-ва и ЖКХ Мин-ва инд. и торговли РК, - Алматы, 2004. - 16 с. 3 Махиев Б.Е., Хапин А.В. Определение усилий от сейсмических нагрузок: МУ к практическим занятиям. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2010. - 48 с. 3 СП РК ЕN 1998-1:2004/2012. Проектирование сейсмостойких конструкций. Часть 1. Общие правила, сейсмические воздействия и правила для зданий. Комитет по делам стр. и ЖКХ Мин-ва нац. экономики РК. – Астана, 2016. – 224 с. 4 СП РК ЕN 1998-3:2005/2012. Проектирование сейсмостойких конструкций. Часть 3. Оценка и реконструкция зданий. Комитет по делам стр. и ЖКХ Мин-ва нац. экономики РК. – Астана, 2016. – 85 с.