Метрологическое обеспечение производства

Сипаттама: Пән өлшемдердің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми-ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды белгілеу және қолдануды мақсат етеді. Оның таралуының кеңдігі және қолдану қажеттілігі туралы түсінік беру үшін МОП түрлі сатылары қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Өлшемнің бірлігіне және қажетті дәлдікке жету үшін ғылыми және ұйымдастырушылық негіз, техникалық құралдар, ережелер мен нормаларды қолдану және құру бойынша студенттердің теориялық және тәжірибелік білімдерін жетілдіру «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінің мақсаты болып табылады.
Міндет
  • Осы пәнді оқу нәтижесінде студент: студент біледі: - метрологиялық қызметтердің құрылымы мен функциялары; - өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негіздері; - өлшемдердің біркелкілігін және дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін; - метрологиялық дайындық және тексеру жұмыстарын жүргізу, оларды өңдеу және олардың нәтижелерін рәсімдеу ережелері;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Диплом жазу үшін «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнін оқу барысында алынған білім қолданылады.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • студент біледі: - өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің күйін талдау; - өлшеу және бақылау құралдарын метрологиялық тұрғыда сақтауға; - өлшеу құралдарын тексеру әдістемесін әзірлеу; - өлшеу, сынау және басқару процестерін жоспарлау және орындау; - өлшеу нәтижелерін өңдеу; - өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын айқындау; - өлшеу құралдарын метрологиялық сынау және сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың нақты жағдайында қателерді есептеу. Студент жеке тапсырмаларды орындау үшін инновациялық зерттеулердің нәтижелерін пайдалана алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Метрология саласындағы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Әлеуметті мағыналы жобаларды зерттеп, жүзеге асыру кезінде құқықтық және этикалық норм туралы терең білімдерін қолдану. Ғылыми ұжымда өз жұмыс машықтарын көрсетіп, жаңа идеяларды туғызып, ұжымның пiкiрiмен өз пiкiр арақатынасын белгiлеуге икемi болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқушылар дағдыларды игеруі керек: - кәсіптік қызметте стандарттарды және басқа нормативтік құжаттарды қолдану; - техникалық реттеу туралы құжаттарды ресімдеу.
Негізгі әдебиет
  • Метрологическое обеспечение производства : учебное пособие / Ю.М. Правиков, Г.Р. Муслина - М. : КНОРУС, 2012. - 240 с.