Кәсіпорын экономикасы

Сипаттама: Кәсіпорын дербес шаруашылық жүргізуші субъект ретінде. Кәсіпорынның негізгі капиталы, бағалау әдістері, пайдалану және жаңару көрсеткіштері. Кәсіпорынның материалдық емес активтері. Айналым капиталы, оның кәсіпорында қалыптасуы және қолданылуы. Кәсіпорынның шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстары. Еңбек ресурстары, еңбек өнімділігі, есептеу әдістері. Кәсіпорындағы еңбекақы төлеуді ұймдастыру. Кәсіпорында пайданы қалыптастыру және бөлу. Кәсіпорынның шығындары, өнімнің өзіндік құны. Өндірістің, инвестицияның экономикалық және әлеуметтік тиімділігі. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы, маркетинг және өндірістік қызметі.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • кәсіпорынның жұмыс жасауының экономикалық механизмін зерттеу
Міндет
  • кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы білімді және есептеулерді орындау мен қолдану іскерлігін меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кәсіпорын қызметінің экономикалық негіздерін, оның ресурстарын, экономикалық тиімділігінің нәтижелерін білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорын ресурстарын пайдаланудың экономикалық көрсеткіштерін есептеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • есептік экономикалық көрсеткіштерді талдау және бағалау, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс істеуге қабілетті болу, жалпы экономикалық мәселені шешу шегінде жекелеген міндеттерді орындау, есептеулерді үйлестіру және келісімдеу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • оқу процесінде алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын қолдана алу, экономикалық мәселелер мен жағдайларды кәсіби шеше алу.
Негізгі әдебиет
  • 1 Ниязбекова Р.Қ., Рахметова Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2015. 2 Әбдірахманова Г.И. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2014. 3 Оразалин К. Ж. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Алматы : Lem, 2015. 4 Дуламбаева, Р. Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Алматы : Қазақ университеті, 2016. 5 Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы / Практикум – Алматы: Экономика, 2016. 6 Рахметова Б.А., Байнеева П.Т., Қалманова Н.М. Кәсіпорын экономикасы: тестілер, есептер, жағдайлар / Тәжірибелік құрал – Алматы: Экономика, 2014. 7 Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы / Практикум – Алматы: Экономика, 2016. 8 Оразалин К. Ж. Кәсіпорын экономикасы (тәжрибе сабағына арналған оқу құралы): оқу құралы / Алматы : Lem, 2016.