Гидравлика

Сипаттама: Пән гидравликаның негізгі тұжырымдарымен, анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеуін, тыныштық күйдегі сұйықтық үшін дифференциалдық теңдеулерді оқытады. Сұйық ағын режимдерін, сұйықтық ағындарындағы гидравликалық кедергілерін, құбырлардың гидравликалық есептеу әдістемесін, саңылаулардан сұйықтық ағуын, құбырлардағы гидравликалық соққыларды, гидравликалық секіріс құбылысын қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Әр-түрлі су өткізгіш, су тасымалдағыш құрылымдарды жобалау және құру, одан кейінгі мезгілде пайдалану, мелиоративтік және әр түрлі су шаруашылық есептерді шешу үшін қажетті білім беру және дағдыланып жұмыс істеуге біліми қор жинау болып табылады.
Міндет
  • сұйықтардың тепе-теңдік күйі мен қозғалыс заңдылықтарын, фильтрация ерекшеліктерін, гидравликадағы зерттеулерде пайдаланатын әдістерді білуі; -зерттеулерде қолданатын эксперименттерді жасауды, әр-түрлі өлшегіш құралдарды пайдалануды, жазық және қисық беттерге түсірілген қысым күштерін анықтай алуды, каналдардың, арынды және арынсыз құбырлардың және басқа су өткізгіш құрылымдардың гидравликалық есептерін және грунт сулары қозғалысының есептерін шеше алуы қажет; болашақтағы оның қызметінде орын алуы мүмкін құбылыстардың физикалық мағынасын білуі қажет.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Гидравлика негізгі заңдарын білу және оларды қолданылатын салаларын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Гидравлика негізгі заңдарын білу және оларды гидротехникалық және мелиоративтік су шаруашылығы есептулерінде қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Болашақ инженер сұйықтықтың тыныштық күйінің, оның қарапайым қозғалысының теңдеулерін құра алуы және оны шеше алуы туралы көзқарасы болу қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Гидротехникалық құрылымдарды, сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды және тағы басқа су шаруашылығына қажетті жүйелерді қарапайым инженерлік тәсілдермен эмпирикалық формулаларды қолдана отырып есептей алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Гидротехникалық құрылымдарды, сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды және тағы басқа су шаруашылығына қажетті жүйелерді есептеуде гидравликаның негізгі заңдарын қолдана отырып, сол заңдылықтарды дағдыға айналдыру.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе. Сұйықтың түсініктемесі.. Сұйық қасиеттері. Сұйық ерекшеліктері.
  • Гидростатика. Гидростатикалық қысым және оның қасиеттері. Паскаль заңы. Абсолютті және артық (манометрлік) қысым. Вакуум.
  • Гидродинамика негіздері. Сұйық кинематикасы. Сұйықтың қалыптасқан және қалыптаспаған қозғалыстары.
  • Идеал сұйық қозғалысының теңдеулері. Эйлердің дифференциалдық теңдеулері. Идеал сұйық ақпаның қалыптасқан қозғалысы үшін Бернулли теңдеуі.
  • Тұтқырлы (шынайы) сұйық қозғалысының теңдеуі. Қалыптасқан қозғалыстағы тұтқырлы сұйық ақпа үшін Бернулли теңдеуі.
  • Сұйық қозғалысына әсер етуші әртүрлі факторлар. Гидравликалық кедергілер түсініктемесі: арын шығындарының түрлері (жергілікті және бойлық). Бірқалыпты сұйық қозғалысының негізгі теңдеуі.
  • Тұрақты тегеурінді сұйықтың тесіктен ағып шығуы. Жылдамдық пен өтім коэффициентері. Әр түрлі қондырмалар мен суғындырмалар
  • Арынды құбыр. Гидравликалық соққы. Қақпаның кенет жабылуы. Соққы толқынының жылдамдығы.
  • Ашық арналардағы сұйықтың бірқалыпты қозғалысы. Каналдың өтім қимасының гидравликалық элементтері; қалыпты тереңдік.
  • Судың айнымалы қозғалысы туралы түсінік. Призма пішінді каналдар. Призма пішінді арналардағы сұйықтың жатық өзгеретін (айнымалы) қалыптаспаған қозғалысының негізгі дифференциалдық теңдеуі
  • Гидравликалық шапшымалардың түрлері. Жетілген гидравликалық шапшыманың негізгі теңдеуі
  • Суағарлар және олардың түрлері. Суағарлардың өтім формуласы. Жұқа қырлы суағарлар. Жалпақ табанды суағарлар.
  • Қалқан астынан ағып шыққан су қозғалысы. Ағынның тігінен сығылуы және сығылу коэффициенті.
  • Грунт сулары және олардың қозғалыс түрлері. Фильтрация жылдамдығы.
  • Гидравликалық құбылыстар мен процестердің ұқсастығы
Негізгі әдебиет
  • 1 Механика неоднородных и турбулентных потоков. - М.: Наука, 2004 -248с. 2 Емцов В.Т. Техническая гидромеханика. - М.: Машиностроение, 2002 г. -438 с. 3. Курганов А.М., Федоров Н.Ф. Гидравлические расчеты систем водоснабжения и водоотведения. Справочник.- Л.: Стройиздат, 2003 г