Суды тазалаудың технологиясы және техникасы

Сипаттама: Табиғи суды тазарту саласындағы базалық білімдерін қалыптастырады. Жер беті және жер асты суларының құрамын, тазаланған су сапасына қойылатын талаптарды, су құбыры тазалау ғимараттарының қызметі, жұмыс істеу принципі мен шарттарын, су дайындау станцияларындағы ғимараттардың биіктік орналасуын оқытады. Курста су тазалаудың реагентті технологиялық сұлбалары, су құбырлы тазалау ғимараттарының есептеу әдістемесін қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің табиғи суды тазалау технологиясы сұрақтары бойынша кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
  • Су құбырлы тазалауғимаратын таңдау және есептеу бойынша негізгі қағидаларын үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Су тазалау ғимараты құрамын таңдау мен есептеу кезіндегі негізгі қағидаларды білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алған теориялық білімін практикада қолдана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Суды дайындау саласында өз бетімен инженерлік шешімдер қабылдай алу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Су тазалау ғимаратын есептеу барысында нормативті техникалық әдебиеттерді пайдалана алуға дағдылану
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Қолданылатын су сапасына қойылатын нормативтік талаптар және табиғи су сапасының негізгі көрсеткіштері
  • Сумен қамту бойынша тазалау ғимараттарының міндеті және суды өңдудің негізгі үдерістері
  • Суды өңдеу бойынша технологиялық үлгілердің жіктелуі. Суды мөлдірлету мен түссіздендірудің бойынша технологиялық үлгілердің мысалы
  • Коагуляциялау. Суды дайындауда пайдаланылатын реагенттер. Коагулянттың қолайлы дозасын анықтау. Суды коагуляциялауға арналған ғимараттар кешені.
  • Реагенттер қоймасы және оларды сақтау. Коагулянттарды құрғақ және дымқыл сақтау. Реагенттерді дозалауға арналған құрылғылар.
  • Араластырғыштар. Қызметі. Жіктелуі және конструкциясы.
  • Үлпек жарату камералары. Қызметі. Түрлері. Жұмыс принципі.
  • Тұндырғыштар Көлденең тұндырғыштар. Конструкциясы. Қолдану аймағы.
  • Тік тұндырғыш. Үлгісі, жұмыс принципі, қолдану аймағы
  • Радиалды тұндырғыштар
  • Гидроциклондар.
  • Қалқыма тұнба қабатында суды мөлдірлету. Дәлізді қалқыма тұнбалы мөлдірлеткіштің конструкциясы.
  • Суды сүзу. Сүзгілердің жіктелуі. Сүзу материалдары. Жедел сүзгілер.
  • Суды залалсыздандыру
  • Су құбыры станциясында пайда болатын қалдықтар мен тұнбалар.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Сүзу материалының параметрлерін анықтау
  • Жедел сүзгі жұмысын зерттеу
  • Жедел сүзгі таратушы жүйесінің жұмысын зерттеу
  • Судың гидроциклонда мөлдірлену үдерісін зерттеу
Негізгі әдебиет
  • 1. СНиП РК 4.01.02-2009. Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. - Астана, 2009.
  • 2. Журба М.Г., Соколов Л.И, Говорова Ж.М. Водоснабжение. Проектирование систем и сооружений: Учеб.пособие. - М.: АСВ, 2003.
  • 3. Бахтина И.А. Проектирование и расчет очистных сооружений водопровода: учеб. пособие/И.А. Бахтина: Алт.гос.техн. ун-т им. И.И Ползунова.- Барнаул: Изд-во АлтГТУ, 2007