Гидрология

Сипаттама: Пән жердегі гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастырады. Мұздықтар, жер асты сулары, өзендер, көлдер, су қоймалары, батпақтар, мұхиттар мен теңіздер сияқты су объектілерінің негізгі географиялық-гидрологиялық ерекшеліктерімен таныстырады. Гидроферадағы және түрлі су объектілеріндегі негізгі гидрологиялық процестерді оқытады. Су қоймаларын гидрологиялық зерттеу әдістерімен таныстырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Гидрология» пәнін оқытудың мақсаты –студенттерге өзен ағынының факторы және түзілу заңдылықтары; өзен және көл режимдері; суағарлар мен суаттардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын өлшеу мен анықтаудың әдістері мен техникалық құралдары тураплы қажетті білім беру
Міндет
  • Студенттерді гидромелиоративтік жүйелермен гидроқұрылымдарды жобалау мен пайдаануда теориялық негіздері мен инженерлік тәсілдерді пайдалануға, қабылданған нәтижелерді талдау мен бағалауға үйрету болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өзен ағысы, өзен, көл, батпақтың су режимін қалыптастыру заңдылығы туралы меңгеру. Өзен бассейндерінің су теңгерімі, ағысты реттеу әдістері, негізгі гидрологиялық сипаттамасын есептеу әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Су шаруашылығы саласындағы жобалау және зерттеу қызметтері, ұйымдастыру-басқару, өндірістік-технологиялық қызметтері үшін дайын болу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, су шаруашылығы саласындағы жабалау мен зерттеу қызметтері үшін дайын болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Су шаруашылығы саласындағы өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-басқару, жобалау және зерттеу қызметтері үшін дайындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Саладағы кәсіпорын өнімдеріндегі өзіндік құны мен бағаның құрылуы туралы түсінігін алу, олардың экономикалық маңызы, қағидасы және өндірістің әртүрлі жағдайында оларды анықтау әдістері мен су шаруашылығы қызметін іске асыру.
Негізгі әдебиет
  • Ќадырбаев, Єбдібай. Гидравлика жєне гидрометрия негіздері : оќу ќ±ралы / Є. Ќадырбаев, Є. Є. Ќадырбаева. - 2-басылым. - Астана : "Фолиант" баспасы, 2011. Достай, Жаќыпбай Достай±лы. Жалпы гидрология : оќулыќ / Ж. Д. Достай. - 2-ші басылым. - Алматы : Ќарасай, 2011