Суару жүйесінің мелиорациясы

Сипаттама: Пән ауылшаруашылық гидротехникалық мелиорация саласындағы білімді қалыптастырады. Топырақтың су режимімен, суару режимінің негізгі элементтерімен, суару тәсілдерімен және оларды қолдану шарттарымен, суару тәсілдері мен техникасымен таныстырады. Суару жүйелерінің типтері мен құрылымдарын және оларды жобалау бойынша негізгі ережелерді оқытады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Суландыру мелиорациясы» пәнін оқудың мақсаты студенттерде, қоршаған ортаны сақтай отырып, егістіктерде ауылшаруашылық дақылдарының жоғары және тұрақты өнімдерін алуды қамтамасыз ететін топырақтың сулы, ауалы және қоректік тәртібін реттеу және құру сұрақтарын шешуде, кәсіби білімдерін және машықтарын қалыптастыру, сонымен қатар мелиорация бойынша білімдерін күрделі табиғи жағдайлардағы ауылшаруашылық саласындағы нақты мәселелерді шешуде қолдану.
Міндет
  • Пәннің міндеті - студенттерді, ауылшаруашылық дақылдары үшін қажетті топырақтың сулы, ауалы және азықтық тәртібін қамтамасыз ететін суландыру мелиорациясын және суландыру жүйесінің түрін тәжірибе жүзінде дәлелдеуге үйрету; - мелиоративтік шараларды таңдау және дәлелдеуге арналған мәселерерді шешу міндеттерін дұрыс қоюға, қоршаған орта және инженерлік объектілер жағдайы туралы ақпараттарды алуға және өңдеуге үйрету;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Суландыру мелиорациясы пәнін оқк нәтижесінде студенттер Қазақстанда суғару мелиорацияларының даму кезеңдерін, ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимдерін, ауыл шаруашылық дақылдарын суғарудың тәсілдері мен техникасын білу және түсіну қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Осы пән бойынша алған білімдерін суландыру мелорациясын жобалауда, дәнді дақылдардың түріне суғару режимдерін анықтауда жобалауда қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Суару мелиорациясы туралы көзқарастың қалыптасуы, суару мелиорациясы міндеттерін шешуде тиімді және дұрыс шешімдер қабылдай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Суару мелиорациясы міндеттерін жеке және топпен бірге тиімді және оңтайлы шеше білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Суару жүйелерін жобалауда және есептеуде дағдылану
Негізгі әдебиет
  • 1 А.С. Субботин, В,А. Хаустов Гидротехника и мелиорация Российский государственный гидрометеорологический университет, М:, 2006 г. 2 Н.Н. Дубенок, К.Б. Шумакова Практикум по гидротехническим сельскохозяйственным мелиорациям, М: Колос, 2008 г 3 Е.Д. Сабо, В.С. Теодоронский, А.А. Золотаревский Гидротехнические мелиорации объектов ландшафтного строительства, М:, 2008 г. 4 Бабиков Б. В. Гидротехнические мелиорации: Учебник. 4-е изд.М, 2005 г. 5 СНиП 2.06.03-85 Мелиоративные системы и сооружения