Защита киберпространства

Сипаттама: Пән цифрлық шабуылдан деректерді және бағдарламаларды, желі тұтастығын қорғауға арналған киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары мен концепцияларын, киберқауіпсіздік түрлерін, әдістер, технологиялар мен үдерістердің жиынтығын қарастырады. Киберкеңістікті қорғау үшін заманауи технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Киберкеңістікті қорғау саласында білімі бар және әр түрлі шабуылдардан бағдарламалар мен деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз білімін қолдана алатын мамандарды даярлау
Міндет
  • OSI моделінің түрлі деңгейлерінде қорғау үшін түрлі элементтерді қолдануды зерттеу
  • Киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары мен мәселелерімен танысу
  • зақымданулар мен нүктелік шабуылдарды, хакерлердің іс-қимылдарын танудың практикалық дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • OSI моделінің әртүрлі деңгейлерінде қауіпсіздік элементтерін қолдану бойынша білімін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • қазіргі қауіп-қатерлер мен кибершабуылдардан қорғау әдістері мен тәсілдерін қолдану
  • деректерді қорғау сапасын бағалау
  • қауіпсіздік инциденттеріне дұрыс және жедел әрекет ету
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Түрлі қауіп-қатерлерден қорғау үшін қауіпсіздіктің түрлі элементтерін қолдануды негіздеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс істеуге қабілетті болу, киберкеңістікті қорғау үшін практикалық жұмыс дағдыларын қолдану
  • инциденттерге реакция механизмдерін қолдану бойынша жаңа шешімдерді ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асыру, оны жүйелеу және жалпылау, алынған білімді киберкеңістікті қорғау үшін тәжірибеде қолдану