Прикладная механика

Сипаттама: Материялық денелердің тепе-теңдігі мен қозғалысы; машина бөлшектерi мен әр түрлi конструкция элементтерiнiң өз қызметiн сенiмдi және тиiмдi атқаруына байланысты, оларды берiктiкке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеулері; жалпы қолданыстағы механизмдер мен машиналардың қолдану аумағы мен жобалау негіздері жайлы түпкілікті мағлұматтарды беру. Құрамына териялық механика, материалдар механикасы және машина бөлшектері қағидалары кіреді.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл пәннің негізгі міндеті студенттерге табиғат заңын, табиғаттағы және техникадағы құбылыстардың математикалық модельдерді құруды, табылған шешімдерді анализдік талдауды, келешек мамандық иелерін ғылыми ой қабілетін өрістетіп, ерікті дағдыларын дамытуға үйретеді.
Міндет
  • “Қолданбалы механика” курсындағы теориялық мәлiметтердi жақсы ұғынып, есептерiн дұрыс шығарып үйрену, түсiнбеген тұстарын бiрден сұрап отыруы және сабақтан тыс уақытта өз бетiнше оқулықтан тақырыптарды үнемi пысықтап отыруы қажет. алдына қойылатын мақсаттары: 1) қатты денелердің тепе-теңдік шарттары; 2) машина бөлшектерi мен конструкция элементтерiнiң берiктiкке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу; 3) конструкциялық материалдардың механикалық қасиеттерiмен танысу; 4) тәжiрибелiк механика негiздерiмен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуге тиіс: - қолданбалы механиканың негізгі ұғымдарын; -машина бөлшектері мен механизмдерді берiктiкке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеу жайлы ғылым iргетасына жатқызылатын негiзгi ұғымдарды және қағидаларды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Күштердің жазық жүйесінің тепе-теңдік теңдеулерді құру; -Материялық денелердің қозғалыс түрлерін білу; -Машина бөлшектерi мен конструкция элементтерiнiң берiктiкке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қолданбалы механикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану; -өндірістік жағдайда шешімдер табу, эксперименттік зерттеулерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды, математикалық анализ және үлгілеу әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесулер жүргізіп - кез-келген тілде диалог құрып, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Металлургиялық және тау-кен машиналары мен жабдықтарының тораптары мен тетіктерін есептеу үшін есептеу сызбаларын жасау білу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Статиканың негізгі ұғымдары. Күш, күштер жүйесі. Статика аксиомалары. Күштің оське проекциясы. Байланыстар аксиомасы. Байланыстардың түрлері және олардың реакциялары.
  • Жинақталған күштер жүйесі. Тең әсерлі күш. Үш күш туралы теорема. Жинақталған күштер жүйесінің тең әсерлі күшін аналитикалық анықтау.Жинақталатын күштердің тепе-теңдік шарттары.
  • Қос күш. Тепе-теңдік шарттары. Қос күштің тепе-теңдік шарттары. Қос күштің алгебралық және векторлық моменттері. Күштің нүктеге қатысты моменті. Қос күштің қасиеттері. Қос күштерді қосу. Күшті берілген центрге келтіру. Бас вектор және бас момент. Пуансо теоремасы. Кез келген жазық күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.
  • Нүкте кинематикасы. Қозғалыстың берілу тәсілдері. Нүкте жылдамдығы мен үдеуі. Қатты дененің қарапайым қозғалыстары. Жазық параллель қозғалыс.
  • Нүкте динамикасы. Материялық нүкте және материялық нүктелер жүйе динамикасының негізгі түсініктері мен теоремалары.
  • Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары және болжамдары Материалдар кедергісінің болжамдары. Нақты конструкция және оның есептік сұлбасы. Сыртқы күштер және олардың топтамасы. Ішкі күштер және ішкі күш факторлары. Қималар әдісі. Конструкция элементтерінің көлденең қималарындағы толық, тік және жанама кернеулер. Орын ауыстырулар және деформациялар. Қималар әдісі. Конструкция элементтерінің көлденең қималарындағы толық, тік және жанама кернеулер. Орын ауыстырулар және деформациялар
  • Сырықтардың көлденен қималарының геометриялық сипаттамалары. Конструкция элементтерінің көлденең қималары аудандарының статикалық, осьтік, полярлық және цетрден тепкіш инерция моменттері. Параллель көшіру және координаттық өстерді бұру кезіндегі өстік және центрден тепкіш инерция моменттерінің өзгеруі. Бас инерция өстері және бас инерция моменттері. Күрделі көлденең қималар үшін бас центрлік өстік инерция моменттері.
  • Статикалық анықталған жүйелердегі созылу және сығылу. Осьтік (Центрлік) созылу және сығылу. Бойлық күштердің және тік кернеулердің эпюрлері. Осьтік орын ауыстыруларды анықтау. Сырықтың көлденең және көлбеу қималарындағы кернеулер, ең үлкен тік және жанама кернеулер. Созылу және сығылу кезіндегі Гук заңы, бірінші текті серпімділік модулі, Пуассон коэффициенті. Созылу және сығылу кезіндегі беріктік шарты.
  • Ығысу. Ығысу кезіндегі кернеулер және деформациялар. Таза ығысу. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Беріктікке және қатандыққа есептеу.
  • Бұралу. Біліктердің бұралуы кезіндегі ішкі күштер. Бұраушы моменттердің эпюрлері. Буралу кезіндегі көлденең қимадағы кернеулер. Бұралу бұрыштарын анықтау. Бұралу кезіндегі беріктік жәнеқатандық шарттары
  • Иілу. Иілу кезіндегі ішкі күштер. Көлденең күштер және июші моменттердің эпюрлері. Көлденең күш, июші моент және таралған жүктеменің қарқындылығы арасындағы дифференциалдық тәуелділіктер. Иілу кезіндегі тік және жанама кернеулер. Иілу кезіндегі беріктік шарты.
  • Орнықтылық. Сығылғын сырықтардың орнықтылығы. Аумалы күш. Эйлер формуласы және оны қолдану шектері. Сырықтың иілгіштігі. Ясинский формуласы. Сығылғын сырықтың практикалық есебі
  • Механизмдердің конструктивті-функционалды классификациясы. Буын, кинематикалық жұп, кинематикалық тізбек түсініктері. Механизмдердің еркіндік дәрежесін анықтау. Механизмдерді құру және олардың классификациясы.
  • Механикалық берілістер. Классификациясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Негізгі кинематикалық көрсеткіштер.
  • Қосылыстар. Машина бөлшектерінің қосылыстары. Жалпы мағлұматтар. Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстар. Қолдану аясы, артықшылықтары мен кемшіліктері.
Негізгі әдебиет
  • 1 Аркуша А. И. Техническая механика. Теоретическая механика и сопротивление материалов : учеб. пособие / А.И. Аркуша. - 4-е изд., испр . - М. : Высш. шк., 2002. - 352 c. 2 Ивченко В. А. Техническая механика : учеб. пособие / В. А. Ивченко; Госстрой России. - М. : Инфра - М, 2003. - 156 с. 3 Сурин В. М. Прикладная механика : учеб. пособие / В. М. Сурин. - 2-е изд., испр. - Минск : Новое знание, 2006. - 387 с. 4 Марченко С. И. Прикладная механика: учеб. пособие / С. И. Марченко, Е. П. Марченко, Н. В. Логинова.- Ростов н/Д: Феникс, 2006- 542 с. 5. Мурин А.В., Осипов В.А. Прикладная механика: учебное пособие для вузов / под. ред. А.В. Мурина. Национальный исследовательский Томский политехнический университет. − Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2010. - 326 с.
  • 1. Тәжiбаев С.Д. Қолданбалы механика. Алматы, «Бiлiм», 1994. 2. Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Теориялық механика. Алматы, «Рауан», 2002. 3. Рақымбекова, Зифа Мәтенқызы. Материалдар механикасының есептер жинағы : оқу құралы / З. М. Рақымбекова. - Екінші басылымы. - Алматы : Дәуір, 2008. - 247 б.-5 4. Жолдасбеков Ө.Ә., Сағитов М.Н. Теориялық механика. – Алматы, 2002 – 575б. 5. Жүнісбеков С., Қадырбаев А. Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы «Бастау», 2008 – 373б.
Қосымша әдебиеттер
  • 6. Мещерский И.В. Сборник задач по теоретической механике. – М.: Наука, 2002 г.- 480 с. 7. Варданян Г.С. Прикладная механика. Применение. Учебное пособие. М.- Инфра-М.2018, 352с 8. Маркова Б.Н. Сопротивление материалов: Учебное пособие.- м.: КДУ, 2006. -256с. 9. Феодосьев В.И. Сопротивление материалов.учебник. - 10-е издание переработанное и дополненное. М.: МГТУ им. Баумана, 2001. - 591с.
  • 6. Жапаров Ж.Ж. Теориялық механика есептерін шешу. Алматы: Ана тілі, 1993, 168 б. 7. Муслиманова Г. Е. Материалдар кедергісі: кредиттік жүйе бойынша оқитын техникалық мамандықтардың студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау. 2 бөлім. - Өскемен : 2009 8. Муслиманова Г.Е., Ликунов А.В. Қолданбалы механика Әдістемелік нұсқау 050716 “Құрал жасау” мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған/ШҚМТУ. – Өскемен, 2009. 9. Дүзелбаев С.Т. Материалдар кедергісі II: есептер шығаруға арналған оқу құралы. – Алматы, Бастау баспасы, 2014. – 420б.