Анализ хозяйственной деятельности

Сипаттама: Пән экономикалық талдау теориясы, шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі басқару және қаржылық талдау бойынша жүйелі білім береді. Талдау тәсілдері және талдау есептерін жүргізу техникасы; басқару талдауының, қаржылық талдаудың мазмұны мен әдістемесі оқытылады. Курсты оқу нәтижесінде экономикалық ақпарат өзара байланыста жүйеленеді, экономикалық ойлау және талдау логикасы қалыптасады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • 1. . Басқарушылық шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметін талдау бойынша менеджмент функцияларын игеру.
Міндет
  • Экономикалық ойлау мен талдаудың логикасын игеру және экономикалық ақпараттарды өзара байланыстыру мен жүйеліліг; аналитикалық есептеулер техникасын тәжірибеде қолдану қабілеттілігі; басқарушылық шешімдерді қабылдауды негіздеу үшін ғылыми негізделген ұсыныстарды өңдеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау әдіснамасы, әдісі және әдістемесі аясындағы теориялық білімдері; ұйым қызметінің нәтижесі ретінде туындайтын себепті-салдарлық байланыстар, сонымен қатар олардың сандық бағасы, өнім мен ықзметтің өзіндік құнын жоспарлау және талдау негіздері туралы түсініктері, кәсіпорының экономикалық және қаржылық жағдайын диагностикалаудың теориялық білімдерін игеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Экономикалық құбылыстар мен үрдістерді бөлшектей, жүйелей және үлгілей алу; бухгалтерлік, статистикалық, басқарушылық есеп берулердегі талдауға арналған ақпараттық базаны қолдана білу; кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру бойынша басқарушылық шешімдерді негіздеу және қабылдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Үрдістер мен құбылыстардың талдауындағы тәсілдер және теориялар, іс жүзіндегі қағидаларын сыни талдай білу, аналитикалық мәселелерді шешу бойынша әртүрлі пәндерден алынған білімдерді интеграциялау. Жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде креативті ойлай білу және шығармашылықты түрде қарау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ауызша өз ойын дұрыс және логикалық түрде өңдеу, дағдыларды шешендік өнермен жүзеге асыра білу Білім беру мекемелерінің әртүрлі деңгейлерінде экономикалық пәндерді оқытуға дайын болу . Басқарушылық шешімдерді қабылдауда және негіздеу үрдісінде командада жұмыс істей білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қойылған мақсатқа сай экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерін таңдау және қолдану; талдау жүргізуге қажетті кәсіпорындағы бастапқы ақпараттық мәліметтерді жинау және дайындау; нәтижелік көрсеткіштерді факторлық талдаудың есептеулерін жүргізу; кәсіпорын қызметінің нәтижелерін жалпылау және бағалау; бар және әлеуетті мәселелерді айқындау және болжау; кәсіпорынның өндірістік әлеуетін және қаржылық ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін нақты шараларды әзірлеу; калькуляцияның түрлі жүйелеріндегі және әртүрлі салалар үшін өнімнің өзіндік құнының практикалық есептеулерін жүргізу дағдыларына ие болу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1. Курстың тақырыбы мен міндеттері. Экономикалық талдау (ЭТ) ғылым және практика ретінде. Экономикалық талдаудың жалпы мақсаты. Пәннің құрылымы. Кәсіпорынды басқарудағы кәсіпорынның экономикалық қызметін талдаудың рөлі. Экономикалық талдау пәні мен негізгі өзекті міндеттерін анықтау. 2. Экономикалық талдауды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету. Экономикалық талдау түрлері, олардың мазмұны. Функционалдық шығындарды талдау негіздері. 3. Талдау үшін қолданылатын материалдар. Нәтижелерді талдауға және ұсынуға материалдар дайындау. Кәсіпорындағы экономикалық талдауды ұйымдастыру. 3. Экономикалық талдаудың негізгі әдістері. Дәстүрлі экономикалық талдау әдістері. Факторлық талдаудың детерминистік әдістері. Стохастикалық экономикалық талдау әдістері. Интуитивті (сарапшы) әдістер. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін кешенді бағалау әдістері. 4. Кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау. Нарықты талдау. Кәсіпорындар мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін талдау. Кәсіпорынның маркетингтік қызметінің тиімділігінің көрсеткіштерін талдау. 5. Кәсіпорынның операциялық қызметін талдау. Талдаудың мәні мен міндеттері. Өнімнің көлеміне, түріне, құрылымына және өндіріс ырғағына жалпы талдау. Өндірістік бағдарламаны факторлық талдаудың жүйелілігі мен әдістемесі. Өткізу көлемін талдау. 6. Кәсіпорын өндірісінің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін талдау. Өндірістің техникалық деңгейін талдау: технологияның жағдайы, технологияның күйі. Еңбекті ұйымдастыру деңгейі. Өндірісті ұйымдастыру деңгейі. Басқаруды ұйымдастырудың деңгейі. 7. Кәсіпорынның негізгі қорының болуы мен пайдаланылуын талдау. Негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту факторлары. Айналым қорының болуын, жағдайы мен қозғалысын талдау. 8. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау. Қаржылық нәтижелерді қалыптастыру үлгісі. Қаржылық нәтижелердің деңгейін, динамикасын және құрылымын талдау. Операциялық кірісті факторлық талдау. 9. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау. Инвестициялық жобалардың тиімділік көрсеткіштері. Инвестициялық талдау әдіснамасының ерекшеліктері кәсіпкерлік қызмет. 10. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау. Инновация түсінігі мен мәні. Инновацияны талдау әдістемесі. 11. Кәсіпорынды кешенді (рейтингтік) бағалау. Экономикалық қызметті кешенді талдау әдістемесі. Шаруашылық қызметті талдау көрсеткіштерінің жүйесі. Салыстырмалы біріктірілген бағалау әдістері.
Негізгі әдебиет
  • 1 Александров О.А. Экономический анализ: учебное пособие - 3-е изд., перераб. и доп. - М.: ИНФРА-М, 2016 2 Казакова Н.А. Экономический анализ в оценке бизнеса и управлении инвестиционной привлекательностью компании. - М.:Финансы и статистика , Инфра-М, 2017 3 Маркин Ю.П. Экономический анализ. Учебное пособие. - М.: Омега-Л, 2012 4 Пласкова Н.С. Экономический анализ.: Учебник/ Пласкова Н.С.- 3-е изд., перераб. и доп.- М.: ЭКСМО, 2010 5 Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия: учебник для бакалавров.- М.: Дашков и К, 2018 6 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебное пособие / Г.В.Савицкая . – 13-е издание. – МН.: Новое знание, 2011 7 Турманидзе Т.У. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: Учебник – Алматы: LEM, 2011 8 Турманидзе Т.У. Финансовый анализ: учебник.- 2-е изд.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2017