Налоги и налогообложение

Сипаттама: Пән студенттерге қазіргі салық жүйесінің теориялық және әдіснамалық негіздері туралы экономиканың мемлекеттік реттеудің тиімді әдісі, елдегі салықтың функциялары мен түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы білім жинағын қалыптастыруға мүмкіндік береді, салықтың негізгі түрлерін есептеудің практикалық дағдыларын меңгереді, салық есептілігін толтырады

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту. Салық салудың практикасын терең қарастыру мен қатар, нақты салық түрлерінің практикалық есептеуін жетіп үйрену, салық заңдарын жан-жақты оқып–үйренумен бірге салықтық тетіктердің әсер етуін оқып-білу. Қазақстан Республикасының салық заңдылығының негізгі концепцияларын кешенді оқыту.
Міндет
  • Пәнді оқыту барысында студенттер алдына келесідей міндеттер қойылады: - негізгі салықтыққаржылық категориялары мазмұнын оқу, тану; - салықтық жүйені ұйымдастыратын қағидалармен, құрлымымен, құрамымен танысу; - салықтың функцияларын, кеңейтілген ұдайы өндірісте олардың ролін, мемлекеттің қаржы және экономикалық саясатында қаржылық қатынастардың орындалуын және олардың қаржы механизімі арқылы өткізілуін қарастыру; - қаржы аумағындағы салықтардың қазіргі проблемаларды талдай білу және оларды шешу бағыттарын табу; - қаржылық жұмыс тәжірибесінде оларды қолдану үшін білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Оқу нәтижесі кезінде студент білуі керек: мемелекеттің салық саясатының мәнін, негізгі салықтардың ерекшеліктері және экономикалық мазмұнын, салықтарды есептеу әдістемесін; салықтарды есептеу дағдысын алуы керек; салықтардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, аргуметтерді құрастыра білуі және мәселелерді шеше білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Аталған пәнді меңгеру: студенттердің теориялық және практикалық дайындығын, яғни категорияларды, ұғымдарды, терминдерді, олардың жіктемесін, әлеуметтік – экономикалық үдерістердегі орны мен мәнін меңгеруді қамтамасыз етеді. Салық қызметінің ерекшелігін білу тек қана қаржы жүйесінің білікті мамандарын даярлауда ғана емес сол сияқты экономика салаларына білікті мамандарын даярлауда өзекті болып табылады. Нарықтық экономика мамандар даярлау және кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа тәсілдерді қолданады. Мамандарды даярлау үрдісі қойылған талаптарға және нарық заңына сәйкес, пән бойынша олардың білім алуын көздейді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әлемдік экономика үдерістеріне және салық заңнамасындағы үнемі болып отыратын өзгерістерді есепке ала отырып, болып отыратын құбылыстарға жылдам бейімделу. Салық салуды үйлестіру мақсатында салықтық іс-әрекеттердің әр түрлі инструменттерін қолдану дағдысын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үйрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1. Салық түсінігі және олардың әлеуметтік – экономикалық негізі 2. Жер салығы 3. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы 4. Көлік құралдарына салық 5. Жеке табыс салығы 6. Әлеуметтік салық 7. Акциздер 8. Ойын бизнесіне салынатын. Тіркелген салық. Экспортқа рента салығы 9. Қосылған құнға салынатын салық 10. Корпорациялық табыс салығы 11. Арнаулы салық режимі 12. Жер қойнауын пайдаланушылардан арнайы салықтар мен төлемдердің мәні. 13. Салық әкімшілігін жүргізу 14. Кеден төлемдері, алымдар, төлемақылар 15. Халықаралық салық салу ерекшеліктері
Негізгі әдебиет
  • 1. Кодекс Республики Казахстан от 10 декабря 2008г. № 99-IV « О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.01.15г), http://online.zakon.kz 2. Бурамбаева А. К. Налоги и налогообложение. Учебное пособие., Астана, 2010 г. 3. Нурумов А.А. Налоги Республики Казахстан и развитых стран Учебное пособие. – Алматы. Создiк- словарь, 2009г. 4.Нурумов А.А., Бекболсынова А.С. Налоги и налогообложение. Учебник., Астана 2009г. 5. Сигарев М.И. Налоги и налогообложение в Казахстане. Учебное пособие., Алматы, 2008 г.