Стоимость компании и оценка капитала

Сипаттама: Бұл пән ақша ағындарын, пайда массасын және динамикасын реттеу, құрылтайшылар мен акционерлердің мүліктерін көбейту, дивидендтік саясат пен акциялар курсын бақылау, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің тәуекелдерін төмендету мәселелері бойынша кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Компанияның құнын ғылым ретінде бағалау ұйымның инвестициялық саясаты саласында ұтымды шешімдерді әзірлеуге және қабылдауға мүмкіндік береді, бизнестің әлеуетті мүмкіндіктері туралы шынайы түсінік береді, кәсіпорынның стратегиялық, тактикалық және жедел басқару міндеттерін дұрыс қоюға және тиімді іске асыруға ықпал етеді

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Бұл курстың мақсаты: студенттерді компанияның құнын және оның капиталын бағалау барысында туындайтын қаржылық қатынастардың теориялық және практикалық аспектілерімен таныстыру.
Міндет
  • компанияның капиталын және оның құнын бағалау мәселелері бойынша қажетті білім, білік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемін алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. пәні мен объектісін, компанияны және оның капиталын бағалаудың мақсаттары мен принциптерін; 2. капитал құрылымы теориясының негізгі категориялары, терминдері мен ұғымдары, Модильяни-Миллердің модельдері және балама модельдер; 3. бизнес құнын бағалауға әртүрлі тәсілдердің мәні мен әдістемесі; 4. бизнес құнын бағалау үшін қажетті ақпаратты жинаудың негізгі рәсімдері мен оларға қойылатын талаптар; 5. капиталды басқаруға байланысты тәуекелдердің негізгі түрлері; 6. ҚР бағалау қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер; 7. бағалау қызметі саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; 8. компанияның жылдық есебі шеңберінде оның құны туралы ақпаратты ашу әдістері;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. капиталдың құнын бағалаудың неғұрлым орынды тәсілдері мен әдістерін таңдау және оның ұтымды құрылымын қалыптастыру дағдысы; 2. "ҚР бағалау қызметі туралы" Заңға және МӘҰ сәйкес нарықтық құнды және нарықтық емес құн базасын анықтау дағдысы; 3. Бизнесті бағалау бойынша жұмыстардың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін практикалық қолдану үшін қажетті ақпаратты жинау және талдау дағдысы; 4. капиталдың құнын бағалау және оның ұтымды құрылымын қалыптастыру дағдысы; 5. кәсіпорынның дивидендтік саясатын қалыптастыру дағдысы.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1) Мүліктік кешенді бағалаудың мақсатын тұжырымдау және бағаланатын бизнестің ерекшеліктерін бағалаудың нақты мақсаттары үшін әдістерді қолдану басымдықтары 2) нарықтың немесе компаниялардың басқа да құндылықтарын белгілеу мақсатында техникалық және іргелі талдау әдістерін пайдалана отырып бағалау қызметін жүргізу мүмкіндігі; 3. Бағалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржылық және басқа ақпаратты түзету, дәлдікпен және қажетті жұмысты тексеру мүмкіндігі; 4. Кәсіпорынның құндылықтарын басқару үшін бизнесті қайта құрылымдаудың практикалық әдістерін қолдану мүмкіндігі; 5. Нарықты зерттеу және оны бағалау объектісі туралы ақпаратты оның бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерін анықтау үшін талдау, оның құнына әсер ету
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. кәсіби деңгейде шет тілдерін еркін меңгеру, 2. кәсіби қарым-қатынас дағдысының болуы, ауызша және жазбаша түрде өз ойларын дұрыс және қисынды рәсімдеу 3. коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды есептеу-талдау процесінде қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • 1. қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізе білу; 2. күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету дағдыларының болуы
Негізгі әдебиет
  • 1. Бригхэм, Ю.Ф. Финансовый менеджмент: Экспресс-курс / Ю.Ф. Бригхэм. - СПб.: Питер, 2013. - 592 c. 2. Бланк И.А. Основы финансового менеджмента: Учебный курс. - М.: Омега-Л, 2012.- 1330 с. 3. Ковалева А.М. Финансовый менеджмент: Учебник.- М.: ИНФРА-М, 2013.- 336 с. 4. Хиггинс Р. Финансовый менеджмент: управление капиталом и инвестициями / Р. Хиггинс; Пер. с англ. А.Н. Свирид. - М.: Вильямс, 2013. - 464 c.