Физика конденсированного состояния

Сипаттама: Қатты денелердің механикалық, жылулық, электрлік және магниттік қасиеттерін, олардың контактілі, термоэлектрлік және гальваномагнитті құбылыстарын сипаттауды қамтитын қатты дененің физика негіздері қарастырылады. Байланыс күштері және қатты денелердің ішкі құрылымы қарастырылады. Энергетикалық аймақтардың сипаттамасы, электрондық тығыздықты бөлу. Атом аралық өзара әрекеттесудің потенциалдары. Ионды, ковалентті атом радиусы. Энергетикалық аймақтарды толтыру сипаты.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерде конденсірленген күй физикасы саласында болашақ бакалаврларға ғылыми және техникалық мәлімдеме ағынына бейімделуге мүмкіндік беретін, өздері мамандандырылып отырған техника салаларында жаңа физикалық принциптерді қолдануға мүмкіндік беретін теоретикалық дайындықтың негізін қалыптастыру. Студенттерде ғылыми ой-сана мен диалектикалық көз-қарасты, әр түрлі физикалық түсініктердің, заңдардың, теориялардың қолдану шектерін дұрыс түсінуді және тәжірибелік немесе математикалық зерттеу амалдары арқылы алынған нәтижелердің нақтылық дәрежесін бағалай білуді қалыптастыру.
Міндет
  • Студенттердің негізгі физикалық құбылыстарды және қатты дене физикасы заңдарын, физикалық зерттеу әдістерін меңгеруі. Студенттерде пәннің жалпыланған типтік оқу есептерін (теоретикалық және тәжірибелі-практикалық) шеше білу мүмкіндіктерін жетілдіру. Студенттерді өлшеу құралдарымен таныстыру, тәжірибелік зерттеулерді жүргізіп, олардың нәтижелерін саралай білу мүмкіндіктерін жетілдіру. Студенттердің творчестволық ойлау қабілетін, өздігінен танып-білу мүмкіншіліктерін, компьютерді қолдана отырып физикалық жағдайларды моделдей алу білімдерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім: Студенттер білуі қажет: - негізгі заңдылықтарды, олардың жүру ерекшеліктерін; - негізгі түсініктер, шамалар, математикалық өрнектері және өлшем бірліктері; Компетенциясы: -пәннің негізгі қағидаларын, шамаларын, заңдарын, есепті шығару әдістерін; математикалық аппаратты, қазіргі заман өндірісінде және ғылымда алатын орыны мен атқаратын ролі;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қатты денедегі негізгі жағдайларды сипаттау және сапалы түсіндіру; кристалды құрылымдарды сипаттау әдістерін қолдану, физикалық процестерді моделдеу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми ойлау және диалектикалық дүниетаным.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • әріптестермен кооперацияға, ұжымда жұмыс істеуге дайын болу; кәсіби қызметте пәннің негізгі заңдарын қолдануға, теориялық және Эксперименталды зерттеу әдістерін қолдануға дайын болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • заттың конденсацияланған күй физикасы проблемаларымен байланысты арнайы ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді өз бетінше оқып, түсіну.
Негізгі әдебиет
  • 1. Павлов П. В., Хохлов А.Ф. Физика твердого тела. - М.: Высшая школа, 2000. 2. Киттель Ч. Введение в физику твердого тела. - М.: Наука, 1978. 3. Подкладнев В.М. Физика твердого тела. Методические указания к лабораторному практикуму. КазНТУ, Алматы, 2002.