Теоретические основы электротехники

Сипаттама: . «Электр техниканың теориялық негіздері» - электр және магнит құбылыстарын қолдану теориясы мен практикасы жайлы ғылым. «Электр техникасының теориялық негіздері » басқа көптеген кәсіптік және арнайыпәндерді оқуға негіз болады. Бұл пәнде жасалған көптеген әдістер басқа инженрелік пәндерде кеңінен қолданылады.

Кредиттер саны: 3

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бұл курс физика және жоғары матиматика курсына негізделе отырып тізбектің жалпы теориясын және бағалау, талдау жасау, оларды есептеу әдістерін қамтиды. Яғни бұл пән құрамына электр энергиясын өндіру, беру және тарату үшін қолданылатын электр магниттік құбылыстар, электр техника мәселелерін шешу, электр техниканың негізгі заңдары, электр техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципі сияқты мәселелер кіреді ЭТН пәнін оқытудың мақсаты-барлық электр энергетикалық пәндер осы пәнге негізделетіндіктен электр энергетика бойынша мамандардың ғылыми ой-өрісін қалыптастыру.
Міндет
  • Пәннің міндеті- электр техниканың негізгі заңдарын, техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін, электр тізбектеріне талдау жасаудың және есептеудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру, сондай-ақ бір фазалы және үшфазалы сиусоидалы токтың сызықты электр тізбектеріндегі тұрақтандырылған процесстерді сапалық және сандық жағынан бағалап, талдауға үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Электрлік заңдарды, электрлік және магниттік тізбектерді талдау әдістерін, Электрлік терминологиялар мен анықтамаларды білу
  • Электр тізбектерінің негізгі элементтерінің құрылымы, жұмыс істеу принципі, қасиеттері, қолданылу аймақтары туралы түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Негізгі типтік әдістер бойынша есептеу жүргізе білу және электр техникалық аспаптарды, аппараттарды қоса білуге, олардың қауіпсіз жұмыс жасауын бақылай алуға, теориялық заңдылықтарды тәжірибелік жұмыстарда дұрыс қолдана білуге қабілетті болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндіріс технологиясына, қауіпсіздік ережелері мен өндіріс санитариясы, өрт қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі нормаларына сәйкес жұмыстық орындарды дұрыс ұйымдастыра білу, технологиялық жабдықтарды дұрыс орналастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәннің негізгі заңдарын кәсіптік деңгейде қолдану, зертханалық және эксперименттік зерттеулер жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды, математикалық талдау әдістерін пайдалану қабілетіне; – электр техникадағы негізгі және жаңашыл жетістіктерді пайдалану қабілетіне; –өндірістік жағдайларда қандайда бір ұйымдастырылған шешім қабылдай білу қабілеттеріне ие болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Мамандық бойынша туындайтын инженерлік мәселелерді түсіну және оның шығармашылық шешімін табу үшін қажетті электр тізбектерін талдау және оны есептеудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру.
Негізгі әдебиет
  • 1. Электротехника и электроника: Учебник для вузов. /Под ред. Б. И. Петленко. -М.: Академия, 2003. - 230 с. 2. Земляков В.Л., Электротехника и электроника: учебник [Электронный ресурс] / Земляков В.Л. - Ростов н/Д : Изд-во ЮФУ, 2008. 3. Лоторейчук, Евсей Александрович.Теоретические основы электротехники: учебник / Е. А. Лоторейчук, 2010. - 316 с. 4. Электротехника и электроника в экспериментах и упражнениях. Практикум. В 2-х т. /Под ред. Д. И. Панфилова. -М.: ДОДЭКА, 2000. - т. 2. - Электроника. - 288 с.