Жылу технологиялық үдерістер және қондырғылар

Нургалиева Асель Тлеубековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курста жылутасығыштардың қасиеттері мен оларды қолдану саласындағы білімдерін қалыптастыру; жылутехникалық қондырғылардың құрылысын және сипаттамасын, ондағы процестерді білу; жылу - масса алмастырғыш аппараттарды жобалаушы есептеулер жургізу қаблетін игерту; жылутехнологияның технологиялық, техникалық, және энергетикалық аспектілерінің өзара байланыстары туралы түсініктер беру; салқындатушы, кeптіpyші және ректификациялық құрылғылардың жылулық, жылу технологиялық және құрылымдық сулбелерімен таныстыру.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жылумассасының алмасуы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Курстың мақсаты - жылуды өндіруші, таратушы және қолданушы технологиялық құрылғыларды жобалайтын, зерттейтін және пайдаланатын мамандарды дайындау
Міндет
  • Курстың міндеті - жылутасығыштардың қасиеттері мен оларды қолдану саласындағы білімдерін қалыптастыру; жылутехникалық қондырғылардың құрылысын және сипаттамасын, ондағы процестерді білу; жылу - масса алмастырғыш аппараттарды жобалаушы есептеулер жургізу қаблетін игерту; жылутехнологияның технологиялық, техникалық, және энергетикалық аспектілерінің өзара байланыстары туралы түсініктер беру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өлшеулер мен байқаулар жүргізу, және шолулар, баяндамалар мен ғылыми мақалалардың жасау үшін деректер дайындау, ғылыми-зерттеу сипаттамаларын құру. Жылу электр станцияларының жылу алмасу жабдықтарын жұмыс істеу принціптерін, конструкциясын және пайдалану негіздерін қағидасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Техникалық тапсырмага сәйкес стандартты автоматизация жобалау құралдарын қолдана отырып жеке бөлшектер мен құрамаларды типтік әдістеме бойынша есеп жүргізу мен жобалау, жылу механикалық жабдықтардың жылулық, механикалық және тексеріс есептеулерді орындау, жабдықтар мен агрегаттардың түрлерін таңдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндірісте экологиялық қауіпсіздікті сақтау, жылумеханикалық құралдарынмен жұмыс істеуде энерго және ресурс қорғау шараларында және экоқауіпсіздік шараларын дайындау және оларға қатысу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жұмыс орындарын жылуэнергетика және жылутехнологиясына сәкес даярлай білу, оларды техникалық қамту, жылуэнергетикалық объектілерінде су ресурстарын басқаруда энерго және ресурс қорғау шараларында және экоқауіпсіздік шараларын дайындау және оларға қатысу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Технологиялық үдерістерге құжаттарды кұрастыра білу және өндірісте экологиялық қауіпсіздікті сақталуын қадағалау,электр станциялардың жылу алмасу жабдықтарының тиімділігін арттыру мен энерго- және ресурс қорғау шараларын дайындау және оларға қатысу.
Оқыту әдістері

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Оқушылардың білімді іздестіруге және басқаруға, есептерді өз бетінше шешуге тәжірибе жинауға қатысуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды атап өткен жөн: - проблемалық және жобалық-бағытталған оқыту технологиясы; - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, ми шабуылы, пікірсайыс және басқа белсенді нысандар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - студенттер іскерлік, рөлдік, имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиясы; - ақпараттық және коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан оқыту) технологиялар.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе «Өндірістік жылу және масса алмасу процестері мен қондырғылары» курсының мақсаты, мазмұны және мазмұны
  • Процестер мен аппараттарды талдау және есептеу принциптері
  • Процестер мен аппараттарды талдау және есептеу принциптері
  • Жылу беру процестері
  • Жылыту, булану
  • Салқындату, конденсация
  • Жылу алмастырғыштар
  • Жылу алмастырғыштың конструкциясын таңдау
  • Булану
  • Масса алмасу процестері
  • Кептіру
  • Сорбциялық процестер
  • Адсорбция
  • Дистилляция және ректификация
  • Ректификация
Негізгі әдебиет
  • Промышленная теплоэнергетика и теплотехника: Справочник / Под общ. ред. В.А. Григорьева и В.М. Зорина. - М.: Энергоатомиздат, 2007.- 588с.
  • Промышленные тепломассообменные процессы и установки / Под общ. ред. A.M. Бакластова. -М.-. Энергоатомиздат, 2006.- 328с.
  • Сериков Эрнест Акимович. Теплоэнергетические системы и энергоиспользование в промышленном теплотехнологическом производстве: учеб. пособие для вузов / Э. А. Сериков. - Алматы: Эверо, 2007. - 259 с.: цв.ил. - Библиогр.: с. 258-259.
  • Теплоэнергетика и теплотехника. В 4 кн.: справочная серия / Б. Г. Борисов [и др.]; под ред. А. В. Клименко, В. М. Зорина. - 4-е изд., стереотип. - М.: Издат. Дом МЭИ, 2007 – 630 с.
  • Боровков В.М.Теплотехническое оборудование: Учебник. 2-е изд., М.:Изд-во Академия, 2013. –192 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Теоретические основы теплотехники - Ляшков В.И. 2002г.
  • Шатров М.Г., Иванов И.Е., Пришвин С.А. Сборник задач по теплотехнике: Учебник для ВУЗов, 2-е изд., М.:Изд-во Академия, 2012. –272 с.
  • Васильев В.Ф., Дерюгин В.В. Тепломассообмен: учебное пособие, 2-е изд., испр. М.:Лань, 2018. –240 с.
  • Лебедев П.Д. Теплообменные, сушильные и холодильные установки. – М.: Энергия, 1972. – 320 с.