Химическое обогащение

Сипаттама: Гидрометаллургиялық операцияларды құрамдастырылған әдістерде қарау көзделеді. Ерітінділерден компоненттерді тұндыру, сілтілеу үрдістерінің теориясы мен практикасы оқытылады. Құрамдастырылған әдістерде сорбция, экстракция, пирометаллургиялық операциялар процестерін пайдалану. Байытудың құрамдастырылған әдістерінің үлгілері бойынша есептер жүргізіледі.

Кредиттер саны: 6

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты студенттерде байытудың химиялық әдістерінің теориясы және тәжірибесі туралы білімдерін қалыптастыру және бұл білімдерді тәжірибелік қызметте пайдалана білу.
Міндет
  • Студенттер пәнді оқу барысында пайдалы қазбаларды құрамдастырылған сұлбалар бойынша өңдеу жайлы заманауи теориялық түсінік алу. Байытудың химиялық әдістердің үрдістері мен аппараттарын оқу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пайдалы қазбаларды байытудың химиялық әдістердің заманауи жағдайы жайлы және оның жақын келешектегі даму жолдары жайлы, берілген байыту әдістерінің негізгі ғылыми-техникалық проблемалары жайлы, бұл әдістердің байыту сатыларының жалпы құрылымындағы орны және басқа әдістермен байыту үрдістерімен өзара байланысы жайлы түсінік алу. Пайдалы қазбалардың физикалық қасиеттерін, олардың құрылымдық-механикалық ерекшеліктерін, байытудың химиялық әдістерінің теориялық негіздерін, берілген әдістер үшін қолданылатын үрдістер мен аппараттарды және оларға қызмет көрсету жайлы, бұл процестер кіретін байыту фабрикаларын жобалаудың жалпы принциптерін білу қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қажетті пайдалы қазбаға қатысты әртүрлі байыту әдістерін қолданудың экономикалық тиімділігін салыстырмалы бағалау, Эксперимент нәтижелерін өңдеу, қалдықсыз, экологиялық таза технологияларды қамтамасыз ететін пайдалы қазбаларды құрамдастырып байытудың кешенді технологиялық үрдістерін және сұлбаларын жасай алу; байыту фабрикаларының өндірістік үрдістерін бақылау және автоматтандыру сұлбаларын таңдау; технологиялық үрдістің параметрлерін және жабдықтың өлшеулерін жүргізу, байытудың технологиялық сұлбасын іске асыру үшін қажет жабдықтар санын есептеу; байыту жабдығының негізгі параметрлерін есептеу; пайдалы қазбаның заттық құрамы мен гранулометриялық сипаттамасына байланысты технологиялық үрдісті жүргізудің оптималды режимдерін таңдау және анықтау; технологиялық үрдістің тұрақтылығын және байыту фабрикасы шығаратын өнімнің сапасын талдай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пайдалы қазбаларды байыту бойынша жұмыстарды өндіру технологиясын таңдау, әрекеттегі нормативтерге сәйкес қажетті құжаттамаларды құрастыру қабілеттілігі. Байыту өндірісінің технологиялық сұлбаларын жобалау және негізгі мен қосалқы жабдықты таңдау принциптерін білудің негізінде минералдық шикізатты байыту және өңдеу бойынша тиімді және экологиялық қауіпсіз жұмыс өндірісінің негізгі технологиялық параметрлерін таңдау және есептеу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өндірістік үрдістердің бұзушылықтарын жедел түрде түзеп, орындалатын жұмыстардың бірінші есебін жүргізу, өндірістің жедел және ағымдық көрсеткіштерін талдау, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздей білу керек. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеу кезінде қоршаған ортаға техногендік өндірістік жүктемені азайту бойынша шаралар жоспарын көрсетуге дайын болу. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеу бойынша өнеркәсіптерді жобалау, салу және қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік және өнеркәсіптік санитария бойынша нормативтік құжаттарды қолдану. Өндірісті автоматтандырып басқару жүйелерін енгізу үшін қатысуға дайын болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жобалаудың заманауи әдістемелігі негізінде минералдық және техногендік шикізатты өңдеу кезінде өндіру жобаларын жасау және іске асыру қабілеттілігі, өнімділікті есептеп, байыту фабрикалалрының жабдықтарының параметрлерін анықтау, байыту фабрикаларының бас жоспарын және орналастыру шешімдерін даярлау. Байыту өндірістерін жобалаудың заманауи ақпараттық технологияларын, автоматтандырылған жүйелерін қолдануға даяр болу. Пайдалы қазбаларды алу, өңдеу және байыту бойынша кешендердің функционалдық мәнін, өзара байланысын, құрылымын таладу және оңтайландыру, сонымен қатар сәйкес өндірістік нысаналарды салу және қайта жасақтандыруға қабілетті болу.
Негізгі әдебиет
  • 1 Кравец Б.Н. Специальные и комбинированные методы обогащения полезных ископаемых. – М.: Недра, 1986. – 304 с. 2 Справочник по обогащению руд. 2-е изд. Т-2,-М.:Недра, 1983. 3 Полькин С.И., Адамов Э.В., Панин В.В. Технология бактериального выщелачивания цветных и редких металлов.- М.: Недра, 1983.- 288 с. 4 Черняк А.С. Химическое обогащение руд.- М.: Недра, 1976. - 294 с. 5 Зеликман А.Н., Вольдман Г.М., Беляевская Л.В. Теория гидрометаллургических процессов. - М.:Металлургия,1983.