Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07202 - Пайдалы қазбаларды байыту
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Өз бетінше өзін-өзі дамытуға дайын, пәнаралық және халықаралық ортада жұмыс істеу үшін коммуникативтік қабілеттерді меңгерген, ақпараттық технологиялардың көмегімен жаңа білім мен іскерлікті алуға және оларды практикалық қызметте пайдалануға қабілетті, еңбек нарығының өзгермелі жағдайында жеке және кәсіби жетілдіру жобаларын әзірлеуге және іске асыруға дайын түлекті даярлау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- оқу орындары (жоғары, орта, кәсіби);
- жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары,
зауыттық зертханалар;
- қара және түсті металлургияның өнеркәсіптік кәсіпорындары;
- тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары;
- әртүрлі меншік формасындағы фирмалар
Кәсіби қызмет объектісі:

Қара және түсті металлургияның өнеркәсіптік кәсіпорындары, тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары, зауыттық зертханалар, әртүрлі меншік нысанындағы фирмалар.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- есептік-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

-қазіргі заманғы өндірістік мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, металлургия саласында тәжірибелік-зерттеу қызметін жоспарлай және жүргізе алатын, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген мамандарды даярлау;- металлургия өнеркәсібінің тиісті салаларында кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқару органдарының әр түрлі деңгейдегі басшыларын дайындау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Мәселелерді шешуді талап ететін жаңа контекстерде еңбек және оқу қызметінде инновациялықты және дербестікті көрсету қабілеті Байыту саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, бағалау және салыстыру; зерттеудің заманауи әдіснамасын пайдалану
Қоршаған орта туралы ғылыми білімнің тұтас жүйесі негізінде кешенді инженерлік қызметте арнайы пәндердің негіздерін пайдалану
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
Жеке және команда мүшесі ретінде жұмыс істеу, орындаушылардың жекелеген топтарына басшылық жасау, жеке жауапкершілік көрсету
3. Коммуникативтік міндеттерді шешу үшін қазіргі техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті Ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын меңгеру
Заманауи технологиялар мен материалдарды жетілдірудегі ақпараттың мәні мен маңызын түсіну
4. Шикізатты қайта өңдеудің нақты технологиялық процестерін басқару, технологиялық үдерістерге талдау жүргізу қабілеті Өнім сапасын басқару жолдарын, шаралары мен құралдарын таңдау үшін технологиялық процестерге талдау жүргізу
Толық технологиялық циклды талдау және технологиялық процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
5. Аналитикалық, есептеуіш, эксперименталды және инновациялық әдістерді пайдалана отырып стандартты емес міндеттерді шешу қабілеті Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Жобаларды басқару, материалдарды алу технологияларын қаржыландырудың мақсатын, қажеттілігін және ықтимал схемасын негіздеу.